Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 қарашадағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 240 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 38 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27598 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 01-11/53 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округі Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 қарашадағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25056 болып тіркелген) № 240 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Прибрежный ауылдық округінің әкімі
Д. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады