Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі Таңдай ауылының жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 84 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30776 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы қорытындысының негізінде және Таңдай ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі Таңдай ауылындағы жаңа көшеге Мұқтау Ідірісов атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Б. Салихов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады