Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 136-VII "Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 173-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31103 болып тіркелді

      Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының "Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифін бекіту туралы" 2022 жылғы 13 маусымдағы № 136-VII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28482 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев

  Исатай аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
12 желтоқсандағы № 173-VII
шешіміне қосымша

Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

180,00

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

207,70

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

3323,08


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады