Шығыс Қазақстан облысы бойынша бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 14 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26726 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (С.А.Жумадилова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы онын ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.М. Мухамедчиновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 25 қаңтардағы
№ 14 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылар және (немесе) тәрбиеленушілер саны

Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың айына орташа құны, теңге

1

2

3

4

Көркем-эстетикалық бағыт

1

Би ырғағында (хореография)

1500

14926

2

Музыкалық орындаушылық өнер

450

14926

3

Әдеби шығармашылық

450

14926

Сәндік-қолданбалы бағыт

1

Акварель сиқыры

450

13720

2

Көркем фотосурет

100

14065

3

Ағаш ою

50

14926

4

Сиқырлы жіп

100

13720

5

Қыш өнері

100

14926

  Ғылыми-техникалық бағыт

1

3D модельдеу

150

14926

2

Бағдарламалау

240

14926

3

Робототехника

150

14926

4

Қызықты ғылымдар әлемі

150

14926

Туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық бағыт

1

Флора мен фауна әлемі

150

14065

2

Туристік өлкетану және археология

150

14065

Спорттық бағыт

1

Баскетбол

100

11672,7

2

Күрес (барлық түрлері)

100

10811,6

3

Классикалық волейбол

100

11672,7

4

Көркем гимнастика

80

11672,7

5

Каратэ

100

10811,6

6

Жүзу

50

14256,0

7

Үстел теннисі

80

10811,6

8

Тоғызқұмалақ

100

10467,1

9

Футбол

150

11672,7

10

Шахмат

150

10467,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады