Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 27 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 ақпанда № 26761 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.М. Мухамедчиновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 27 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің базалық бағасы бір шаршы сантиметр;

      V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет үшін базалық баға бір шаршы сантиметр;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизияда көрсетілетін қызметтердің жанрлар бойынша бөлінулері ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Шығыс Қазақстан облысының
аумағындағы бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау әдістемесіне
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

 

Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

2022 жыл
(теңге)

2023 жыл
(теңге)

2024 және кейінгі жылдар
(теңге)

1.

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

853

853

853

2.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

160

160

160

3.

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

100

100

100

4.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

350

350

350

5.

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

80

80

80

6.

Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

95

95

95

7.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

20

20

20

8.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттер, ақпараттық-талдамалық бағдарламалар өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

570 000

570 000

570 000

9.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттер, ақпараттық-талдамалық бағдарламалар өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

55 000

55 000

55 000

10.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Семей қаласы аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттер, ақпараттық-талдамалық бағдарламалар өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

31 250

31 250

31 250

11.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (телевизиялық, білім беру, танымдық бағдарламалар, деректі фильмдер, ток-шоу өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

16 000

16 000

16 000

12.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликтер өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

994

994

994

13.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Семей қаласы аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық, телевизиялық, білім беру, танымдық бағдарламалар, деректі фильмдер өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

5900

5900

5900

14.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Семей қаласы аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

3000

3000

3000

15.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Алтай ауданы аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

30 000

30 000

30 000

16.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Риддер қаласы аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

31200

31200

31200

17.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

6 000

6 000

6 000

18.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді дайындау және орналастыру) (Br)

секунд

125

125

125


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады