Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 маусымда № 28321 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 179 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің Қуаныш ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 11 ақпандағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26839 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Біржан ауылдық округінің әкімі С. Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады