Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29335 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2021 жылдың 11 маусымындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің Біржан ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      6 - шартты көшесіне Қайлар Смағұлов көшесі;

      9 - шартты көшесіне Сегізбай болыс көшесі;

      5 - шартты көшесіне Шакура Әбдікенова көшесі;

      2 - шартты көшесіне Жапабай қажы.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі Қуаныш ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      2 - шартты көшесіне Жұмаділ Бақтыбаев көшесі;

      7 - шартты көшесіне Қонақай әулие көшесі;

      5 - шартты көшесіне Исабек Андырбаев.

      3. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі Ақарал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      3 - шартты көшесіне Англихан Ахметов көшесі;

      1 - шартты көшесіне Халит болыс.

      4. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы "Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Мырамытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады