Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Қаратал ауылдық округіндегі Жіңішкесу ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 тамызда № 29244 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 02 тамыздағы № 380 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, Зайсан ауданының Қаратал ауылдық округі Жіңішкесу ауылына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 2 "Қаратал ауылдық округіндегі Жіңішкесу ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4053 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауылдық округінің әкімі К. Каримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады