Шектеу іс-шараларын тоқтату және Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27590 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 366 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауыруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Күршім ауданы Балықшы ауылдық округіне қарасты Жолнұсқау ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25240 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінің әкімі Е. Тлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады