Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28986 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының 27 қыркүйектегі 2021 жылғы № 01-11/369 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринарлық іс шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай ауылының аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.

      2. "Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8732 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті ауылдық округі әкімі К. Алгазинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады