"Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 170 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 сәуірде № 32228 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      11-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жаза түрінде мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың (өрттердің) болуы;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) объектіні 5 жыл және одан да көп пайдалану, жүктеме (жобалау қуаты) бойынша талаптардың бұзылуы туралы расталған мәліметтермен қызметті жүзеге асыру түрінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.";

      14-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (SC) бойынша осы Өлшемшарттардың 17-1-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 17-1-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.";

      мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2 және 17-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "17-1. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 16-1 және 17-тармақтарында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      17-2. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      17-3. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 16-1-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.";

      қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Өрт қауіпсіздігі саласындағы
бақылау мен қадағалау
субъектісіне (объектісіне) бару
арқылы профилактикалық
бақылауды және берілген
рұқсаттар бойынша рұқсат беру
талаптарына сәйкестігін
тексерулерді жүргізу үшін
қолданылатын тәуекел
дәрежесін бағалау
Өлшемшарттарына
1-қосымша";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі";

      реттік нөмірлердің 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдарының тақырыптары алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің болуы және оның өрт сөндіру автомобильдерінің, штаттық жұмыскерлердің, өрт-техникалық жабдықтар мен жабдықтардың, арнайы киім-кешектер мен өртке қарсы жабдықтардың саны бойынша сәйкестігі

өрескел

  ";

      осы бірлескен бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын;

      бірлескен бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс саласында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      11-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерістер қорытындысы;"

      3, 4, 5 және 6 тармақшалар алып тасталсын;

      21-1-тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның (SC) 22-1-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның 22-1-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.";

      22-1, 22-2 және 22-3-тармақтармен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның 22-тармағында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттары көрсеткіштерінің маңыздылығы осы бірлескен бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      22-2. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      22-3. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның 21-1-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексеру субъектісі (объектісі):

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.";

      қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық қорғаныс
саласындағы бақылау
субъектісіне (объектісіне) бару
арқылы профилактикалық
бақылау жүргізу үшін
қолданылатын тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1 қосымша";

      Бірлескен бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі";

      тақырыптар, реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4 және 5 алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 128, 129, 130 және 131- жолдар алып тасталсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген қызметтің санатына, мақсатына және түріне қарамастан объектілерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің болуы және оның өрт сөндіру автомобильдерінің, штаттық жұмыскерлердің, өрт-техникалық жабдықтар мен жабдықтардың, арнайы киім-кешектер мен өртке қарсы жабдықтардың саны бойынша сәйкестігі



  ".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
__________Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 45 мен
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 170
Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Өрт қауіпсіздігі саласындағы
бақылау мен қадағалау
субъектісіне (объектісіне) бару
арқылы профилактикалық
бақылауды және берілген
рұқсаттар бойынша рұқсат беру
талаптарына сәйкестігін
тексерулерді жүргізу үшін
қолданылатын тәуекел
дәрежесін бағалау
Өлшемшарттарына
2-қосымша

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты /мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жаза

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жаза түрінде мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың (өрттердің) болуы

35

1 факт

100%

2

Объектіні пайдалану 5 жыл және одан да көп

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

35

1 факт

100%

3

Жүктеме (жобалық қуат) бойынша бұзушылықтар туралы расталған мәліметтермен қызметті жүзеге асыру, үш ауысымдық оқыту

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

30

1 факт

100%

Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жаза

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жаза түрінде мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың (өрттердің) болуы

20

1 факт

100%

2

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің және өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарының аттестатының болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

80

1 факт

100%

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 45 мен
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 170
Бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Азаматтық қорғаныс
саласындағы бақылау
субъектісіне (объектісіне) бару
арқылы профилактикалық
бақылау жүргізу үшін
қолданылатын тәуекел
дәрежесін бағалау
Өлшемшарттарына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілерге қатысты Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін анықтауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты /мәні

2-шарты /мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

Ең көп жұмыс істейтін ауысымы бар азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар, Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар, базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар

1

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторинг нәтижелері (азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы есептер)

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторинг нәтижелері

71

Шарт 1 - ұсынбау

Шарт 2 - белгіленген мерзімде, бірақ есепте елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуіне әкелетін талаптардың орындалмауы туралы ақпараттың болуымен



100%

100%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады