Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 сәуірде № 32251 болып тіркелді

      "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 219 бұйрығымен
бекітілген

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

      1. Осы Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемелік ұсынымдарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар;

      2) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесі – Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;

      3) уәкілетті орган – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құру Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қолдау саласында мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық немесе өндірістік қызметті жүзеге асыратын және өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен сыртқы экономикалық мәмілелерден жүйелі түрде табыс алатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін міндетті болып табылады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құруға жәрдемдеседі және оларға қажетті ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.

      4. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру мен жүргізудің мақсаты заңды тұлғалардың өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен сыртқы экономикалық операцияларға дейінгі тәуекелдерді уақтылы анықтауды қамтамасыз ету үшін дербес тексерулер тетігін қалыптастыру болып табылады.

      5. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін әзірлеу және оның жұмыс істеуі үшін қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлау кезінде заңды тұлғаның қызмет бейіні мен өндірістік құрылымы, филиалдардың болуы және еншілес компанияларды пайдаланудың әлеуетті мүмкіндігі ескеріледі.

      6. Құрылатын фирмаішілік арнайы тауарларды бақылау жүйесі мыналардан тұрады:

      1) жалпы ережелер (негізгі ұғымдар мен анықтамалар, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау талаптарын сақтау туралы міндеттеме, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесінің үлгілік құрылымы);

      2) негізгі бөлім (сыртқы экономикалық операцияларды сараптау, сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, лицензиялар мен рұқсаттар алу, өнімнің жөнелтілуін бақылау, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау, құжаттар мен ақпаратты есепке алу және сақтау, персоналды даярлау және оқыту, ішкі тексерулер).

      7. Заңды тұлғаның басшысы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімше (лауазымды адам) құрады, ол мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесінің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету;

      2) сыртқы сауда мәмілелерін кешенді тексеру;

      3) халықаралық көрмелерге, конференцияларға немесе семинарларға қатысуға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      4) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту;

      5) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жөніндегі құжаттаманы жүргізу.

      8. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімше (лауазымды адам) күдікті тапсырыстарды уақтылы анықтау және заңды тұлғаға санкциялар қолдануға әкеп соғуы мүмкін күмәнді мәмілелерге қатысуды болдырмау мақсатында өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен сыртқы сауда операцияларының олардың өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімін жүргізеді.

      Күдікті тапсырыстарды аңықтау үшін елдің құзыретті органына сұрау салулар жіберу және олардан өзіндік ерекшеліг бар тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланатыны туралы кепілдіктер алу жолымен жүзеге асырылады.

      9. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімше (лауазымды адам) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында рұқсат алынғанға дейін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды импорттаушыларға және (немесе) түпкі пайдаланушыларға тиеп-жөнелтуді (беруді) жүзеге асырмайды.

      10. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімше (лауазымды адам) кедендік ресімдеу өндірісі үшін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар ұсынылғанға дейін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың буып-түюіне және тиеп-жөнелтілуіне тиеу алдындағы бақылауды жүзеге асырады.

      Тиеу алдындағы бақылаудың мақсаты нақты жөнелтілетін тауарлардың тауарға ілеспе құжаттарда, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсатта көрсетілгендерге сәйкестігін растау болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады