Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 мамырда № 32503 болып тіркелді

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрі
  2023 жылғы 15 мамырдағы
  № 182 бұйрығымен
  бекітілген

Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) хабарлаған заңды тұлға;

      2) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алумен, жинақтаумен, сатып алумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;

      3) асыл тұқымды тұқымдық жануар – ауыл шаруашылығы жануарын өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды жануардың дара аталығы;

      4) республикалық палата – асыл тұқымды жануарларды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн білдіру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым.

2-тарау. Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну тәртібі

      3. Есептілікті жүргізу:

      1) Қазақстан Республикасы бойынша асыл тұқымды жануарларды;

      2) Асыл тұқымдық орталықтарда ұсталынатын, асыл тұқымды жануарларды;

      3) Қазақстан Республикасы бойынша ұрпақ сапасы және (немесе) геномдық бағалау бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық жануардан алынған ұрықтарды есепке алу мақсатында жүргізіледі.

      4. Асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) (бұдан әрі – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар) сәйкес уәкілетті органға есептілік ұсынады.

      5. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесіне қолма-қол енгізіледі.

      6. Бұл есептіліктер мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді және уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың онына дейін, ал жыл сайынғы, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 5 ақпанына дейін және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      7. Асыл тұқымды орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палата бұрын ұсынған есептіліктер бойынша қателер анықталған жағдайда, асыл тұқымдық орталық, дистрибьютерлік орталық, республикалық палата 2 (екі) жұмыс күні ішінде қателерді түзетеді және есептіліктің түзетілген нұсқасын осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес уәкілетті органға ұсынады.

      8. Уәкiлеттi орган асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар ұсынған есептiлiкте қателерді анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес асыл тұқымдық орталықтарға, дистрибьютерлік орталықтарға және республикалық палаталарға қатысты асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылады.

      9. Уәкiлеттi орган анықтаған қателердің түзетiлген нұсқасын асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарда белгiленген мерзiмдерде ұсынады.

      10. Уәкiлеттi органға есептiлiктiң түзетiлген нұсқасы ұсынылған жағдайда, әкiмшiлiк деректерді жинауға арналған нысандар "түзетiлгенi дұрыс" деген сөздермен расталады, түзетілген күні көрсетіледі және орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адамның) қолы қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады