Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін уақытша атқарушының 2017 жылғы 17 тамыздағы № 64 қе бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 28/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32520 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 тамызындағы № 64қе "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларды бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуіріндегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 167) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ҰҚО әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері ӘПО-на ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жарақатпен шағымданған және дене жарақаттарымен емдеуге жатқызылған барлық жағдайлар бойынша дереу мәліметтер береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
Е. Сагимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады