"Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32618 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 199 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 4-1/339 бұйрығымен
бекітілген

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойыншақызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiкталаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар тізімі

1

2

3

1

меншік құқығындағы астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті)

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

2

технологиялық жабдықтар: (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған сыйымдылықтар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

3

өткізу режимі, аумақтың қоршалуы, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдар

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

4

өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған өндірістік-технологиялық зертхана

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар. Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

5

тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

6

Интернет желісіне қолжетімділік

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

  Астық қолхаттарын шығара отырып,
  қойма қызметі бойынша қызметтер
  көрсету жөніндегі қызметке қойылатын
  бiлiктiлiк талаптарына және оларға
  сәйкестікті растайтын құжаттар
  тізбесіне қосымша

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) атауы:

      ____________________________________________________________________

      Құқық иеленушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі___________________________

      Астық сақтау қоймасының мекенжайы және кадастрлық нөмірі_______________

      Меншік иесі (құқық иеленуші) __________________________________________

      Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы ______ бары

Жай-күйі

1

2

3

4

астық кептіру жабдығы

сағатына дана/тонна



астық сақтауға арналған сыйымдылықтар

мың тонна



астық тазалау машиналары

дана



белсенді желдету жабдығы

дана



жылжымалы көлік жабдығы

дана



көтергіш-көлік жабдығы

дана



сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

жиынтық



таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген)

дана



тиеу-түсіру құрылғылары

дана



      Интернет желісіне қолжетімділік туралы мәліметтер


Сипаттамалары

20___ жылғы ____ бары

1

2

3

Интернет желісіне қолжетімділік



      Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдардың болуы туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________________________

      (асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдар бойынша көлемдер шаршы метрмен көрсетіледі)

      Өлшеу құралдарының типiн бекiту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері береді)

      ________________________ _____________________________________________

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Іс-қимыл басталған күн

Іс-қимыл аяқталған күн

Метрологиялық қызметтің атауы

1

2

3

4

5

6







      Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы мәліметтер

Объект

Өлшем бiрлiгi

20__ жылғы ___________ бары

1

2

3

Ақуыз құрамын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Пуркалар

дана


Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер

дана


Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар

дана


Дән маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер

дана


Елеуіштер жиынтықтары

дана


Зертханалық таразылар

дана


Кептiргiш шкафтар

дана


Құлау санын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Сынама іріктегіштер

дана


Ылғал өлшегiштер

дана


      Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы туралы мәліметтер

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады