Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32744 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының отыз екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 210 бұйрығымен
бекітілген

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлерді аттестаттау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының отыз екінші абзацына сәйкес әзірленді және меншік нысаныны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) аттестаттау-нәтижелері бойынша біліктілік санаттары берілетін әлеуметтік қызметкердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      2) әлеуметтік қызметкер-арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;

      3) біліктілік санаты-жұмыстарды орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

      4) уәкілетті мемлекеттік орган-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) уәкілетті орган-облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті саласының уәкілетті органдары.

      3. Әлеуметтік қызметкерлер аттестаттаудан кемінде үш жылда бір рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан ерте емес өтеді, бұл ретте бала күтімі бойынша демалыстағы әлеуметтік қызметкер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан ерте емес аттестатталады.

      Әлеуметтік қызметкерлерге біліктілік санаттары үш жыл мерзімге беріледі.

      4. Аттестаттау мыналарды қамтиды:

      1) тестілеу;

      2) әңгімелесуден өту;

      3) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімін шығару.

2 тарау. Әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібі

Параграф 1. Аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру

      5. Аттестаттауды өткізу үшін уәкілетті органдар кемінде бес мүшеден және хатшыдан тұратын аттестаттау комиссиясын құрады.

      Төрағаны аттестаттау комиссиясының мүшелері олардың арасынан сайлайды.

      6. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Аттестаттау комиссиясының шешімі Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      7. Аттестаттауға келген кезде әлеуметтік қызметкер өзінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлікті ұсынады.

      Аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өту алдында әлеуметтік қызметкерді аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі және олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.

      Әлеуметтік қызметкер өз таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аттестаттаудан өтеді.

      Аттестаттауды өткізу кезінде әлеуметтік қызметкердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануына жол берілмейді.

      Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.

      Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда аттестаттау комиссиясы әлеуметтік қызметкерді аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.

      Әлеуметтік қызметкер аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелдi себептер бойынша (еңбекке уақытша қабiлетсiздiк кезеңiнде, демалыста болған кезеңiнде, кәмелетке толмаған балалардың сырқаты кезiнде, жақын туысы қайтыс болған кезде, іссапарда жүргенде) келе алмаған жағдайды қоспағанда, келмеген жағдайда, ол аттестатталмаған болып есептеледi.

      Әлеуметтік қызметкер дәлелді себеппен аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау ол жұмысқа шыққан күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімге ауыстырылады.

      8. Әлеуметтік қызметкер біліктілік санатын беру (растау) үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      еркін нысандағы жазбаша өтініш;

      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

      ұйымның кадр қызметі куәландырған білімі туралы дипломның көшірмесі;

      ұйымның кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

      біліктілік санатын беру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).

Параграф 2. Тестілеу

      9. Әлеуметтік қызметкерлерді тестілеу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін үлгілік біліктілік сипаттамаларында көзделген нормативтік құқықтық актілерді білуге жүргізіледі.

      10. Тестілеуді өткізу күнін әлеуметтік қызметкерге аттестаттау комиссиясының хатшысы оны өткізгенге дейін екі аптадан кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

      11. Тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптардың 70 пайызын немесе одан көп пайызын жинамаған әлеуметтік қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді.

      12. Тестілеу нәтижелері тапсырылған күні жарияланады.

Параграф 3. Әңгімелесу өткізу

      13. Әлеуметтік қызметкермен әңгімелесу объективтілік, дұрыстық және жанашырлық жағдайында өтеді.

      Аттестаттау комиссиясының отырыстарында аудио - және (немесе) бейнежазба жүргізіледі. Аудио-және (немесе) бейнежазба аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті органда кемінде үш жыл сақталады.

      14. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын сұрақтар оның кәсіби және біліктілік даярлығы, іскерлік қасиеттері мәселелеріндегі құзыреттілік деңгейін анықтауға және атқаратын лауазымының деңгейіне сәйкес келуге бағытталған.

      15. Әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай хаттамалық шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) біліктілік санатын беру туралы;

      2) біліктілік санатын беруден бас тарту туралы.

      Халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілікке қойылатын талаптарды ескере отырып бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі.

      16. Біліктілік санатын беруден бас тартқан кезде қайта аттестаттау осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен, бірақ біліктілік санатын беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап үш айдан ерте емес жүргізіледі.

Параграф 4. Біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу мерзімдері

      17. Аттестаттау комиссиясы біліктілік санатын беру туралы шешім шығарған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысы:

      1) әлеуметтік қызметкерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік береді, ол туралы тиісті журналда белгі қойылады;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қызметкерлерге біліктілік санатын беру туралы ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.

      18. Аттестаттау комиссиясына әлеуметтік қызметкер аттестаттауға ұсынған дәйексіз құжаттарды және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) ұсыну фактісі бойынша өтініш келіп түскен кезде аттестаттау комиссиясы оны 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) біліктілік санатын беру туралы куәлікті қайтарып алуға негіздердің жоқтығы туралы;

      2) біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы.

      19. Аттестаттау комиссиясы біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы шешім шығарған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысы:

      әлеуметтік қызметкерге біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы аттестаттау комиссиясы шешімінің көшірмесі, ол туралы тиісті журналда белгі қойылады;

      уәкілетті мемлекеттік органға біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы ақпарат.

3-тарау. Аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      20. Аттестаттау комиссиясының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға беріледі.

      21. Уәкілетті органға келіп түскен әлеуметтік қызметкердің шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      22. Шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.

  Әлеуметтік қызметкерлерді
аттестаттау қағидасына
1-қосымша

Халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне біліктілік санатын беру туралы куәлігі

      20__ жылғы "__" ___________ аттестаттау комиссиясының шешімімен,

      № ________ хаттама

      ___________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      20__ жылғы "___" _____________ аттестаттау комиссиясының

      шешіміне сәйкес ____________________________________________________

                                    (лауазым атауы)

      20 жылғы "___" ___________ мерзіміне дейін

      _____________ біліктілік санаты белгіленді.

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: _________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы:

      ___________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      М.О.

      Берілген жері ________________________________

      (қала, облысты көрсету қажет)

      Күні 20__жылғы "___" __________

      Тіркеу № ___________

  Әлеуметтік қызметкерлерді
аттестаттау қағидасына
2-қосымша

Әлеуметтік қызметкерлерге біліктілік санатын беру туралы ақпараты

ЖСН

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі

Жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5
















      кестенің жалғасы

біліктілік санатын беру туралы куәліктің деректері

Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері

біліктілік санаты

біліктілік санатын беру күні

Аттестаттау комиссиясының деректері (уәкілетті орган, мекенжайы, байланыс телефоны)

6

7

8

9









  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 210 бұйрығына
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      1. "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 тіркелді).

      2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 150-ө-м бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7724 тіркелді).

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 кыркүйектегі № 772 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінң өзгерістер енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесінің" 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12997 тіркелді).

      4. "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 376 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19083 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады