Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32983 болып тіркелді.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      4) жұмыста басшылық ету үшін осы бұйрықты облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 280 Бұйрығына
қосымша

Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Тәртіп).

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) "Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан талап етілген кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;

      3) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

      4) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасының азаматтығында туған немесе бұрын болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

      5) "Бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;

      6) "Жеке тұлғалар "Мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – азаматтық жай-күйді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      7) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – КҚП АЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процестері дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ "электронды үкімет" шеңберінде құрылып жатқан басқа ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен интеграциялық қарым-қатынас процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйесі;

      8) "Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері – шетелдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері;

      9) "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "қандас" ААЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы жүйе;

      10) қандас – этникалық қазақ және (немесе) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған ұлты қазақ отбасының мүшелері;

      11) "Құтты мекен" ақпараттық жүйесі (Migration.enbek.kz (бұдан әрі – "Құтты мекен" АЖ) - цифрлық экожүйенің кіші жүйесі электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз етеді;

      12) "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильді қосымша – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен функцияларға қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;

      13) өтініш беруші – "Ата жолы" картасын алуға үміткер этникалық қазақтар қатарындағы жеке тұлға және оның отбасы мүшелері (бар болса);

      14) тұрақты тұруға рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға құқық беретін құжат;

      15) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;

      16) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, Халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      18) этникалық қазақ – шетелдік немесе ұлты қазақ азаматтығы жоқ адам.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсынудың мақсаты-қазақтардың мәдени мұрасы мен тілінің, тарихының, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, сондай-ақ туыстық, этникалық және тілдік құндылықтарының ортақтығын қолдау.

2-тарау Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсынудың тәртібі

      4. "Ата жолы" картасы бизнес-көшіп келушілерге не шетелде тұратын этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға өтініш беру кезінде мынадай санаттардың біріне сәйкес ұсынылады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және қойылатын талаптарды бекіту туралы" (Қазақстан Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 24315) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін мамандыққа ие;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы бұйрығына сәйкес "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерідің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 31938) талап етілетін кәсіптерге ие;

      3) тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы.

      5. "Ата жолы" картасын ұсыну туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беруші (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильдік қосымша арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға береді.

      6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильді қосымша арқылы этникалық қазақты осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның өтінішін кіріс хат-хабар ретінде тіркеу туралы хабардар етеді.

      7. Өтініш беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметкері "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильді қосымша арқылы құжаттарды қабылдаған күні өтініш берушіні осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      8. Қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттың болуы, ұлты жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде – этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының өтініш берушінің ұлтын растайтын ресми құжаттарының негізінде анықталады;

      9. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушінің өтініші келіп түскен күннен бастап бір күн ішінде өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін ЖТ МДҚ мемлекеттік дерекқоры арқылы оның (олардың) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы тұрғысынан тексереді. ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН пайдаланады.

      10. ЖТ МДБ-да ЖСН болмаған кезде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бір жұмыс күн ішінде "Қандас" ААЖ арқылы ЖСН генерациялау үшін КҚП АЖ-ға электрондық сұрау салу жібереді.

      11. ЖСН генерацияланғаннан кейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде "Қандас" ААЖ-да осы Тәртіпке 4-қосымшаға сәйкес шешім қалыптастырады және "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіні өзінің шешімі туралы хабардар етеді.

      12. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне визалық тәртібі бар мемлекеттердегі этникалық қазақтар жүгінген кезде оларға Қазақстан Республикасына кіруге виза береді.

      13. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Құтты мекен" АЖ арқылы немесе өтініш беруші қолма-қол келгеннен кейін осы Тәртіпке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ата жолы" картасын ұсынады.

      14. "Ата жолы" картасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда "Ата жолы" картасын иеленген адамның өтініші бойынша телнұсқа ұсынылады.

      15. Егер "Ата жолы" картасының қолданылу мерзімі кезеңінде "Ата жолы" картасы иесінің жеке басы туралы деректерде өзгерістер болса, "Ата жолы" картасы иесінің немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша өзгертілген деректерді ескере отырып, "Ата жолы" картасын ауыстыру жүргізіледі.

      Деректердің өзгеруін растау үшін тиісті азаматтық хал құжаттарын ұсыну қажет.

      16. "Ата жолы" картасы ұсынылған күннен бастап он жыл бойы жарамды, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайды.

      17."Ата жолы" картасының қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш осы Тәртіпке 6-қосымшаға сәйкес "Ата жолы" картасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірілмей беріледі.

3-тарау Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсынудан бас тарту тәртібі

      18. Жергілікті атқарушы орган "Ата жолы" картасын ұсынудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) үміткерлер "Халықтың көші-қон туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 1-бабының 28) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда;

      2) "Ата жолы" картасын ұсыну туралы өтініш білдірген этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы бар екені туралы өзге де ақпараттың болуы;

      3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге этникалық қазақтың келісімінің болмауы.

      19. "Ата жолы" картасын беруден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

4-тарау Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасының күшін жою тәртібі

      20. "Ата жолы" картасының қолданысы:

      1) "Ата жолы" картасының иегері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;

      2) "Халықтың көші-қон туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылған не ол күшін жойған жағдайда;

      3) он жыл өткеннен кейін, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге тоқтатылады.

      21. Жарамсыз деп танылған "Ата жолы" картасы Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға он жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.

  "Ата жолы" картасын
ұсыну тәртібіне
1-қосымша
  Үлгі
  ____________________________
____________________________
(өңірдің атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
____________________________
(мекен-жайы бойынша тұратын)

"Ата жолы" картасын ұсыну өтініш

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)


      Келесі отбасы құрамы бар:

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5









































      Тарихи Отанда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына жоспарланып отырған келуіне байланысты маған "Ата жолы" картасын ұсынауды сұраймын.

      "Ата жолы" картасын ұсыну бойынша қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)______________________________________________________________

      2)______________________________________________________________;

      3)______________________________________________________________;

      4)_____________________________________________________________ :

      ..)________________________________________________________________

      Мен келтірген мәліметтердің дұрыс екендігін куәландырамын. Дұрыс емес мәліметтер "Ата жолы" картасын ұсынудан бас тартуға негіз бола алатындығы туралы хабардар етілді.

      Мен осы міндеттемелерді орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы хабардар.

      Шешімді алу тәсілі (электрондық пошта, "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильді қосымшасы).

      20__ жылғы "__" _________ _________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  "Ата жолы" картасын
ұсыну тәртібіне
2-қосымша

      Үлгі

"Ата жолы" картасын ұсынуға өтінішті қабылдау туралы жыл _______ ______
№ ____хабарлама

      Этникалық қазақтың өтініші туралы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұру үшін келуді жоспарлайтын

      оған және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) ұсыну туралы

      ________________________ (облыс, республикалық маңызы бар қалалар

      және Астана) "Ата жолы" карталары тіркелген

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органының атауы)

      кіріс хат-хабарлар ретінде № ___________________________________(күні)

      тіркелгенін хабарлаймыз және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралатын болады.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1)__________________________________________________________________;

      2)_________________________________________________________________;

      ..)_________________________________________________________________

      Құжаттар қабылданды________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы).

      _________ (қолы) / _________ (Күні)

  "Ата жолы" картасын
ұсыну тәртібіне
3-қосымша
  ___________________________
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
_______________________
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

"Ата жолы" картасын ұсыну өтінішін қабылдаудан бас тарту туралы 20___ жылғы __ ________ № ________ хабарландыру

      Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Ата жолы" картасын ұсынуға құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Сіз қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғаныңызға байланысты, атап айтқанда:

      құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________________;

      2) __________________________________________________;

      3) ….

      Құжаттарды қайтарды _______________________________________________

      (құжаттарды қайтарған қызметкердің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса))

      _________________ (қолы) / _________ (күні)

  "Ата жолы" картасын
ұсыну тәртібіне
4-қосымша

"Ата жолы" картасын ұсынуды немесе ұсынудан бас тарту туралы
20___ жылғы "__" ________ № ________
Шешім

      __________________________________________________________________
(халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
органның атауы)

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Ата жолы" картасын ұсыну туралы өтінішті қарап,

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


      Шешім қабылдады_________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті

      атқарушы органның маманы:

      1) _________________________________ _____________

      (қол қою)

      2) _________________________________ _____________

      (қол қою)

      3) _________________________________ _____________

      (қол қою)

      ….

      Комиссия төрағасы________________ ______________________________

      (қол қою/басып шығару)

  "Ата жолы" картасын
ұсыну тәртібіне
5-қосымша
  Үлгі

"АТА ЖОЛЫ" КАРТАСЫ             КАРТА "АТА ЖОЛЫ"



  "Ата жолы" картасын
ұсыну тәртібіне
6-қосымша
  ____________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
____________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса))
____________________________
(мекенжайы бойынша тұратын)

"Ата жолы" картасын ұзарту туралы Өтініш

      "Ата жолы" картасының мерзімінің өтуіне байланысты маған "Ата жолы" картасын заңнамада белгіленген мерзімге ұзартуды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5









































      20__ жылғы "__" ________ ____________________(өтініш берушінің қолы)

      Өтініш қабылданды: __________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      20__жылғы "__" ________

      ______________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады