"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 тамызда № 33327 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімді иеленушілерге Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын түсіндіреді, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін тексереді, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың болуын белгілейді, карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы хабарланған сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде көлікке, карантинге жатқызылған өнімге сыртқы қарап тексеруді жүргізеді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде:

      1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні (өтініш сағат 17:30-дан кейін келіп түскен кезде, келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркейді және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды;

      2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады.

      Карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді.

      Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері анықталған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін алуды жүзеге асырады және зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдіктер мен арамшөптер ауруларын және олардың карантиндік объектілерге тиесілілігін анықтау үшін үлгілерді зертханалық сараптамаға жібереді.

      Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу, кейін карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысын беру үшін үлгілерді алуды карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға өтініш берілгенге дейін зертхана мамандары көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.

      Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді;

      дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне береді;

      3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, фитосанитариялық сертификаттың дайын екендігі туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы № 2-тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13-қосымшада жазылған биологиялық қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейіндегі карантиндік объектілерге арналған зертханалардағы оқшаулау шарттарының тізбесіне сәйкестігіне зертхананы бақылауды жүзеге асыруға барады. Зертхананы бақылау қорытындысы бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор келісім-хат жобасын не осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту жобасын дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басшылықтың қарауына енгізеді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:

      1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен кезде, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды;

      2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы № 3 тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде:

      карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады және морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері анықталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін алуды жүзеге асырады және зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдіктер мен арамшөптер ауруларын және олардың карантиндік объектілерге тиесілілігін анықтау үшін үлгілерді зертханалық сараптамаға жібереді.

      Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу, кейін карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысын беру үшін карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін алуды Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауға карантиндік сертификат алуға өтініш берілгенге дейін зертхана мамандары көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.

      карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді;

      карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде өтінішті тіркеген сәттен бастап осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификатты немесе ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, оны беруден осы Қағидаларға 8-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде:

      1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсе жұмыскері өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайтын аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының қарауына береді;

      2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы № 4-тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор:

      8 (сегіз) жұмыс күні ішінде карантинге жатқызылған объектінің Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың 9 және 10-тарауларының талаптарына сәйкестігіне қарап-тексеруге барады;

      мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі – растау) ресімдейді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор көрсетілетін қызметті алушыны өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым өткізу нәтижелері бойынша аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау не осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуді растау немесе уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі не басып шығарылады, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі, ал көшірмелер уәкілетті органның ведомствосына жіберіледі.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 21 тамыздағы
№ 309 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік
объектілерден және бөтен текті
түрлерден қорғау жөніндегі
қағидаларға 8-1-қосымша
Нысан

[Уәкілетті органның атауы]



 

[Уәкілетті органның
атауы]

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

Берілген күні: [берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны:
Облыс: [Облыс]
Аудан: [Аудан]
Қала\елді мекен: [қала\елді мекен]
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі]
Мемлекеттік тіркеу күні: [күні] бастап
Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]


 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады