"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 908 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33349 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      606-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "606-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін Бюджет кодексінің 180-бабы 1-тармағында көзделген бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе тиісті жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Кредиттік шарттың жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - қарыз алушыға және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде келісуге жібереді.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары туралы тиісті шешімді бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, сенім білдіруші (бар болған кезде) қол қойған кредиттік шарттың жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органға қол қоюға енгізеді.";

      623 және 624-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "623. Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау Бюджет кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасасу арқылы ресімделеді.

      624. Қайта құрылымдауды жүргізу үшін қарыз алушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттамаларды енгізеді:

      1) қарыз алушының қаржылық жағдайын және қаржылық жағдайды сауықтыру жөніндегі шараларды қамтитын бизнес-жоспар;

      2) құзыретіне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кіретін мемлекеттік органның қорытындысы немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және/немесе жергілікті атқарушы органның қорытындысы.

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешіміне сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның оң қорытындысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қабылдайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган шешім жобасын жақын арада болатын республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      Осы Қағиданың 627-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шешімінің жобасына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы талап етілмейді.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шешімі жобасын бекіткеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, сенім білдіруші (бар болған жағдайда) қол қойылған Кредиттік шартқа қосымша келісім жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық органға бес жұмыс күнінің ішінде қол қоюға енгізеді.";

      665-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "665-1. Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.

      Борышты аудару бюджеттік кредит бойынша борышты өтеу есебіне өндіріп алынған (ұсынылған) мүлікті берген кезде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару кредитор, қарыз алушы және жаңа қарыз алушы арасында келісім жасасу арқылы ресімделеді.

      Бюджеттік кредит бойынша сыйақыны есептеу бюджеттік кредит бойынша борышты аудару туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімі қабылданған сәттен бастап тоқтатылады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімі қабылданған сәтте бюджеттік кредит бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда, өсімпұлды (айыппұлдарды) есептеу мүлікті мемлекеттік меншікке іс жүзінде қабылдағанға дейін тоқтатылмайды.

      Кепілдік қамтамасыз етуден босату кредитор, қарыз алушы және жаңа қарыз алушы арасында жасалған Келісім бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.".

      2. Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады