Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 қыркүйекте № 33404 болып тіркелді.

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 380 /бұйрығына
қосымша

Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасының "Кәсіптік біліктілік туралы" (бұдан әрі – Заң) және кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (ААЖ "Еңбек нарығы" ААЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      2) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      3) кәсіптер тізілімі – кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер бойынша электрондық нысанда жүйеленген ақпарат жиынтығы;

      4) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      5) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

      6) кәсіптік біліктілікті тану орталығы (бұдан әрі – тану орталығы) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучер (бұдан әрі - біржолғы ваучер) – тіркелген жұмыссыз адамдарға берілетін және олардың кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіп бойынша кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен ақысыз негізде өту құқығын куәландыратын электрондық құжат;

      8) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат – кандидаттың кәсіптік біліктілігінің белгілі бір кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындауға қойылатын талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      10) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      11) Ұлттық біліктілік жүйесі – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені.

2-тарау. Біржолғы ваучерлерді беру тәртібі

      3. Біржолғы ваучерді алу үшін тіркелген жұмыссыз ретінде тіркелген адам (бұдан әрі – үміткер) ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы ваучер алуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтініш береді.

      4. Мансап орталығының маманы өтініш берілген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген үміткердің деректерін оның жеке жұмыспен қамту картасына енгізеді және үміткерді жұмыссыз ретінде тіркеу және (немесе) ағымдағы жылы біржолғы ваучер алу мәніне тексеру үшін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға сұрау салуды қалыптастырады.

      5. "Еңбек нарығы" ААЖ өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде үміткерді жұмыссыз ретінде тіркеу және (немесе) ағымдағы жылы біржолғы ваучер алу мәніне тексереді.

      6. Үміткер жұмыссыз ретінде тіркелмеген және (немесе) ағымдағы жылы біржолғы ваучер алған жағдайда "Еңбек нарығы" ААЖ мансаптық орталық маманының "Еңбек нарығы" ААЖ-ға сұратуына "РАСТАЛМАҒАН" мәртебесін береді.

      Мансап орталығының маманы сұрау салуға "РАСТАЛМАҒАН" мәртебесін берген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ҰБЖ цифрлық платформасында үміткердің жеке кабинетіне біржолғы ваучер беруден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      7. Үміткер жұмыссыз ретінде тіркелген және ағымдағы жылы оларға біржолғы ваучер алмаған жағдайда "Еңбек нарығы" ААЖ "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы Мансап орталығы маманының сұрау салуына "РАСТАЛДЫ" мәртебесін береді.

      Мансап орталығының маманы сұрау салуға "РАСТАЛДЫ" мәртебесі берілген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ҰБЖ цифрлық платформасында үміткердің жеке кабинетіне біржолғы Ваучер алу құқығын растау туралы хабарлама жібереді және "Еңбек нарығы" ААЖ-да үміткердің біржолғы ваучер алуға жолдамасын ресімдейді.

      8. "Еңбек нарығы" ААЖ үміткердің біржолғы ваучер алуға жолдамасы келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде үміткердің өтінішін ҰБЖ цифрлық платформасында үміткер таңдаған тану орталығының жеке кабинетіне жібереді.

      9. Өтінішті алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде тану орталығы үміткердің ҰБЖ цифрлық платформасында үміткердің жеке кабинетінде мәлімделген кәсіп бойынша кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту мүмкіндігін растайды және растауды "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      10. Еңбек мобильділігі орталығы тану орталығы расталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы біржолғы ваучерді берілген күні мен қолданылу мерзімін, үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірін және тану орталығының атауын көрсете отырып, ҰБЖ цифрлық платформасындағы үміткердің жеке кабинетіне жібереді.

      Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі оны берген күннен кейін күнтізбелік алпыс күнді құрайды.

      11. Егер үміткер біржолғы ваучерді оның қолданылу мерзімі ішінде пайдаланбаған болса, онда ол автоматты түрде жойылады, бұл туралы ақпарат "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі.

      12. Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген біржолғы ваучерді алушының еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне ұзартылады.

      Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін біржолғы ваучерді алушы "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмесін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде орналастырады.

      13. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмесін алған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ҰБЖ цифрлық платформасында біржолғы ваучер алушының жеке кабинетінде тиісті деректерді өзектендіре отырып, біржолғы ваучердің қолданылу мерзімін ұзартады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының өңірлері арасында біржолғы ваучерлерді қаржыландыру және бөлу тәртібі

      14. Біржолғы ваучер негізінде кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге арналған шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      Біржолғы ваучер негізінде кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге арналған шығыстар мынадай мөлшерде өтеледі:

      1) кәсіп бойынша біржолғы ваучер алушының кәсіптік біліктілігін тану жөніндегі тану орталығының қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалған нақты шығындар:

      әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын;

      техникалық бейіндегі, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен аспайтын;

      2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіш, оның тұрақты тіркелген өңірінен тыс жерлерде біржолғы ваучерді алушы кәсіптік біліктілігін тану рәсімінен өткен жағдайда материалдық көмек көрсетуге арналған.

      15. Ваучер негізінде кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге жұмсалған шығыстарды өтеу сомасы мен оны өткеруге жұмсалған нақты шығындар арасындағы айырманы үміткер өз қаражаты есебінен дербес төлейді.

      16. Емтихан комиссиясы Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік біліктілікті тану қағидаларында айқындалған тәртіппен кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту нәтижелері туралы шешім хаттамаға қол қойған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде тану орталығы ҰБЖ цифрлық платформасында жеке кабинетте қалыптастырылған еңбек мобильділігі орталығына және ЭЦҚ қойылған көрсетілген қызметтердің актісін нысан бойынша жібереді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес.

      17. Еңбек мобильділігі орталығы көрсетілген қызметтер актісін алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатты:

      осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тану орталығына;

      осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес біржолғы ваучер алушыға аударады.

      18. Қазақстан Республикасының өңірлері арасында біржолғы ваучерлерді бөлуді уәкілетті орган үш жылдық кезеңге жүзеге асырады және еңбек нарығы туралы өзекті статистикалық деректерді ескере отырып, әрбір үш жыл сайын қайта қаралады.

  Кәсіптік біліктіліктері тануға
арналған біржолғы ваучерлерді
беру, қаржыландыру және
Қазақстан Республикасының
өңірлері арасында бөлу
қағидаларына
1-қосымша
  Электрондық құжат нысаны

      Еңбек мобильділігі орталығы _________________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)

Біржолғы ваучер беру туралы өтініш

      Мен, [Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)] [жеке сәйкестендіру нөмірі] [кәсіп] бойынша кәсіптік біліктілік (дағды, дағдылары) деңгейін [біліктілік деңгейін] белгілеу мақсатында маған кәсіптік біліктілікті тануға біржолғы ваучер беруді сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне және (немесе) электрондық мекенжайға ақпараттық таратулар алуға келісім беремін.

      Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

      1. Білімі [оқу ұйымының толық атауы, даярлау бағыты, бітірген күні].

      2. Көрсетілген кәсіптік біліктілік бойынша еңбек қызметін (еңбек өтілін) растайтын мәліметтер [электрондық еңбек шартының ақпараты].

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттарды сақтаудың бұлтты жүйесіне сілтеме ________________________________.

      3. Мамандық бойынша дағды немесе дағдылар [мамандық] - [шеберлік (- және)]/

      __________________________________

      (қолмен енгізу үшін)

      4. 20 таңбалы карточкалық немесе ағымдағы шоттың нөмірі ___________________.

      5. Тұрғылықты жері [тұрақты тіркелген жері]

      __________________________________________________________________________

      Дұрыс емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Кәсіптік біліктілікті тану орталығы [аккредиттелген тану орталығы].

      Ұялы телефон нөмірі _______________________________

      Электрондық пошта мекенжайы (e-mail) ________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңба             20___жылғы ___________ "___" күні

  Кәсіптік біліктіліктері тануға
арналған біржолғы ваучерлерді
беру, қаржыландыру және
Қазақстан Республикасының
өңірлері арасында бөлу
қағидаларына
2-қосымша

      Электрондық құжат нысаны

Тапсырыс беруші (Еңбек мобильділігі орталығы) ____________________________________________
(байланыс құралдары туралы толық атауы,
мекенжайы, деректері)
Орындаушы
(Кәсіптік біліктілікті тану орталығы) __________________________________
(байланыс құралдары туралы толық атауы,
мекенжайы, деректері)


ЖСН/БСН

______
______



_______
______



КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТ АКТІСІ*

Құжат
нөмірі

Жасалған
күні





Реті бойынша нөмір

Көрсетілетін қызметтердің атауы (олар болған кезде техникалық ерекшелікке, тапсырмаға көрсетілетін қызметтерді орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде)

Қызметтер көрсету күні**

Өлшем бірлігі

Ққызметтер көрсетілді

саны

бірлік бағасы

құны

1

2

3

4

5

6

7











Барлығы


х


      Қосымша: Кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өткен адамдардың тізбесі _______________ парақта.

Тапсырды (Орындаушы)
_____________/___________/_______________
лауазымы қолы толық жазылуы қолтаңбалар

Қабылдады
(Тапсырыс беруші)
_________/________/_______________
лауазымы қолы толық жазылуы қолтаңбалар

Басып шығару орны

Көрсетілетін қызметтерге қол қойылған
(қабылданған) күні_________________
Басып шығару орны

      Ескерту:

      * Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру үшін қолданылады.

      ** Егер көрсетілген қызметтердің күндері әртүрлі кезеңдерге келетін болса, сондай-ақ қызметтер көрсету күндері мен қызметтерге қол қою (қабылдау) күндері әртүрлі болған жағдайда толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады