Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 қыркүйекте № 33405 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 378 бұйрығымен
бекітілді

Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабына сәйкес әзірленді және кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша консультациялық және әдіснамалық қызметті жүзеге асыратын орган;

      2) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3) салалық мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі – салалық кеңес) мемлекеттік орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      4. Мемлекеттік орган салалық кеңесті өзі жетекшілік ететін мемлекеттік басқару салаларын (аяларын) ескере отырып, салалық бағыт бойынша құрады.

      Салалық кеңестің құрамына тиісті саладағы (аядағы) мемлекеттік органдардың тәуелсіз сарапшыларын қосуға жол беріледі.

      Салалық кеңестің бекітілген құрамының өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

      5. Салалық кеңес құрамына:

      1) мемлекеттік органның;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

      3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

      4) жұмыс берушілердің;

      5) салалық кәсіптік одақтардың (бар болса);

      6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса);

      7) тиісті салада (аяда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілі кіреді.

2-тарау. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құру тәртібі

      6. Салалық кеңестің құрамын қалыптастыру үшін мемлекеттік орган өзінің интернет-ресурсында салалық кеңес құру туралы хабарландыру жариялайды.

      7. Салалық кеңес құру туралы хабарландыруда:

      1) салалық бағыттың атауы;

      2) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес салалық кеңеске енгізу үшін қажет құжаттар тізбесі;

      3) құжаттарды тапсыру мерзімдері;

      4) құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар көрсетіледі.

      8. Мүдделі тұлғалар салалық кеңес құру туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның электрондық мекенжайына жібереді.

      9. Салалық кеңеске енгізу үшін мүдделі тұлғалар:

      1) жазбаша өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті салада (аяда) жұмыс тәжірибесін растайтын құжат ұсынады.

      10. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін қалыптастырады.

      11. Салалық кеңестің қалыптастырылған құрамы мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

  Кәсіптік біліктілік жөніндегі
салалық кеңестерді құру
қағидаларына
1-қосымша

      нысан

  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік орган атауы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Өтініш

      Мені____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (салалық бағыттың атауы)

      салалық кеңестің құрамына ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның/органның атауы)

      өкілі/тәуелсіз сарапшы ретінде қосуды сұраймын.

      (керегін таңдаңыз)

      Мен мына құжаттарды қоса беремін (Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық

      кеңестерді құру қағидаларының 9-тармағына сәйкес):

      1.

      2.

      3.

      20__ж. "____"________                         _____________________

      Қолы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 378 бұйрығына
қосымша

Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Үлгілік ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      2) кәсіптер тізілімі – кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер бойынша электрондық нысанда жүйеленген ақпарат жиынтығы;

      3) салалық біліктілік шеңбері – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, Ұлттық біліктілік шеңберінің негізінде әзірленетін және салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, машықтың және құзыреттің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайтын құжат;

      4) салалық мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) ұлттық біліктілік шеңбері – әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіптік қызметтің жалпы сипаттамаларын және білім деңгейін сипаттайтын құжат.

2-тарау. Салалық кеңестердің негізгі мақсаты мен өкілеттіктері

      3. Салалық кеңестің мақсаты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру болып табылады.

      4. Осы мақсатты орындау үшін салалық кеңестер:

      1) мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;

      2) мемлекеттік орган әзірлеген кәсіптік стандарттарды келіседі;

      3) мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

      4) мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

      5) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша мемлекеттік органның ұсыныстарын келіседі.

      5. Салалық кеңес өз өкілеттіктерін орындау кезінде:

      1) өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан ақпараттық-талдамалық және анықтамалық деректер алады;

      2) коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органнан және басқа да ұйымдардан қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мемлекеттік органға кәсіптік біліктілікті тану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;

      4) міндетті немесе ерікті негізде тану ұсынылатын кәсіптер, кәсіптік біліктіліктер бойынша ұсыныстарды әзірлейді және мемлекеттік органға енгізеді;

      5) Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді және мемлекеттік органға енгізеді.

3-тарау. Салалық кеңестің қызметін ұйымдастыру және тәртібі

      6. Салалық кеңестің сандық құрамын салалық мемлекеттік орган айқындайды.

      7. Салалық кеңестің төрағасы оның мүшелері арасынан сайланады. Салалық кеңес төрағасының орынбасары болып мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары тағайындалады.

      Салалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оны салалық кеңес төрағасының орынбасары алмастырады.

      8. Заңның 9 бабына сәйкес салалық кеңестің мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мерзімдерді басшылыққа алады.

      9. Салалық кеңестердің отырыстары салалық кеңес мүшелерінің тікелей қатысуымен және (немесе) қашықтық режимде өткізіледі. Отырысты қашықтықтан өткізу кезінде мемлекеттік орган салалық кеңес мүшелерімен үздіксіз бейнеконференцбайланысты қамтамасыз етеді.

      Салалық кеңестің отырыстары жұмыс жоспарына және салалық кеңестер отырыстарының кестесіне сәйкес, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.

      Салалық кеңестің отырысы мүшелердің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      10. Шешімді салалық кеңес дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Салалық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған салалық кеңестің отырысында төрағалық етуші қол қояды.

      11. Мемлекеттік орган салалық кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      12. Салалық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеуді мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан тағайындалатын салалық кеңестің хатшысы жүзеге асырады. Хатшы салалық кеңестің мүшесі болып табылмайды.

      Салалық кеңестің хатшысы:

      1) салалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады;

      2) салалық кеңестің отырысына енгізілетін мәселелер бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

      3) салалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша хаттаманы дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді;

      4) салалық кеңес өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей салалық кеңес мүшелерін салалық кеңес отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;

      5) салалық кеңес отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін салалық кеңес мүшелеріне жібереді.

      _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады