Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 607 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 қарашада № 33639 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 138-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 607 бұйрығымен
бекітілген

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 138-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізуждің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаларына сәйкес қолданылады.

      3. Тізілім Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің (бұдан әрі – иесі) бірыңғай тізбесін жүргізу мақсатында құрылады.

      4. Тізілім олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажетті мәліметтерді қамтитын иелердің бірыңғай, кезең-кезеңімен нақтыланатын тізбесін білдіреді.

      5. Тізілімді жүргізуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.

      6. Тізілім өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      7. Тізілімді жүргізу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иелері ұсынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

      8. Тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) иелері туралы мәліметтерді қалыптастыру (қосу, алып тастау);

      2) иелері туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту, алып тастау).

      9. Тізілімді қалыптастыру үшін иесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге электрондық құжат немесе қағаз жеткізгішдегі құжат түрінде оларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып өтініш береді.

      10. Иесінің және (немесе) орналасқан жерінің (қауіпті техникалық құрылғының) ауысуын қоспағанда, бірдей объект (қауіпті техникалық құрылғы) туралы мәліметтер тізілімге енгізілмейді.

      11. Аумақтық бөлімше өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған ақпаратты қарайды және өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына тексереді.

      12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге иесінің тізілімге енгізу (алып тастау) туралы немесе өтініште көрсетілген мәліметтер толық емес және дәйексіз болған жағдайда ескертулер мен кемшіліктерді жою қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.

      13. Өтініш қаралғаннан кейін аумақтық бөлімшелер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген нысан бойынша мәліметтерді алғаннан кейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімді жариялайды.

      14. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан тізілімді өзектендіру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ай сайын 20 (жиырманшы) күнге дейін жүзеге асырылады.

      15. Иелерінің тізіліміндегі мәліметтерді өзектендіру осы Қағидалардың 1-қосымшада көрсетілген мәліметтердің біреуі өзгерген кезде орын алады.

      Көрсетілген өзгерістер туралы, сондай-ақ осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда иесі аумақтық бөлімшені электрондық құжат немесе қағаз жеткізгішдегі құжат түрінде уақтылы хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімше өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтерді ұсынады.

      Сондай-ақ, газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алынған деректері өзектендіру көзі болып табылады.

      16. Иесі төмендегі жағдайлар бойынша тізілімнен шығарылады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесінің өтініші негізінде;

      2) заңды немесе жеке тұлғаға (дара кәсіпкерге) қатысты сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын иесінің таратылуы;

      4) бұрын тізілімге енгізілген қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың иесі туралы мәліметтердің өзгеруі (иесінің ауысуы);

      5) қысыммен жұмыс істейтін ыдысты жою (кәдеге жарату);

      6) газ толтыру станцияларында, газ толтыру пункттерінде, автогаз құю станцияларында және өнеркәсіптік тұтынушыларда қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың болмауы;

      7) мемлекеттік органдардың өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      17. Меншік иесі тізілімнен шығарылған кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген негізде аумақтық бөлімше иесіне 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      18. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің жауабымен және "Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңының 7-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес жарияланған тізіліммен келіспеген жағдайды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасауға құқылы.

  Газ толтыру станциялары, газ
толтыру пункттері, автогаз құю
станциялары иелерінің және
өнеркәсіптік тұтынушылардың –
қысыммен жұмыс істейтін
түтіктерді сұйытылған мұнай
газын сақтау үшін пайдаланатын
олардың иелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімі


п/п

Заңды немесе жеке тұлғаның атауы

БСН, ЖСН

Заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы, басшының Т.А.Ә. (иесі)

Объектінің атауы

Өнеркәсіп саласы және қызмет түрі

Қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру ерекшеліктері (қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, жұмыс ортасы)

Объектінің жалпы сипаттамасы (ыдыстардың саны және көлемі, зауыттық нөмірі, аумақтық бөлімшедегі есептік нөмірі)

Объектінің орналасқан жері
(нақты мекенжайы)

ҚЖІЫ жалпы саны

Есептік №

Зауыттық №

ҚЖІЫ көлемі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

























  Газ толтыру станциялары, газ
толтыру пункттері, автогаз құю
станциялары иелерінің және
өнеркәсіптік тұтынушылардың –
қысыммен жұмыс істейтін
түтіктерді сұйытылған мұнай
газын сақтау үшін пайдаланатын
олардың иелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерін тізілімге (нен) қосу (алу) туралы өтініш

      __________________________________________________________________

      (Заңды немесе жеке тұлғаның атауы, БСН/ЖСН, басшының Т.А.Ә.)

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Сізден газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізіліміне (нен) мына (ларды) объектіні (лерді) қосуды (алып тастауды) сұрайды:

      __________________________________________________________________

      (объектінің түрі (газ толтыру станциясы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы, өнеркәсіптік тұтынушы), объектінің нақты орналасқан мекенжайы)

      __________________________________________________________________

      (объектінің жалпы сипаттамасы – ыдыстардың саны мен көлемі, зауыттық нөмір (дайындаушы зауыт бекіткен "Машиналар мен аспаптарға арналған тікбұрышты тақтайшалар" МЕМСТ 12971 сәйкес орындалған тақтайшада көрсетілген), аумақтық бөлімшенің (департаменттің) есептік нөмірі, сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлық парктің көлемі, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың нақты орналасқан жері – ретімен тізімделсін)

      __________________________________________________________________

      ("Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабына сәйкес объектінің жобалық құжаттамасын аумақтық бөлімшемен келісу туралы мәліметтер (келісу хатының № және күні)

      __________________________________________________________________

      (объектіні пайдалануға беру кезінде мемлекеттік инспектордың қатысуымен техникалық куәландыруды жүргізу туралы мәліметтер (техникалық куәландыру актісінің № және күні)

      __________________________________________________________________

      (өнеркәсіп саласы және қызмет түрі)

      __________________________________________________________________ *

      (тізілімнен шығару үшін негіз)

      Осы арқылы ______________________________________________________,

      (өтініш беруші)

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін және мыналарды:

      1) ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар екенін;

      2) тұлғаға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталмағанын, сондай-ақ оның қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағандығын растаймын.

      Лауазымы (қол және мөр қою орны) Т.А.Ә.

      Ескерту: * объект тізілімнен шығарылатын жағдайда ғана толтырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады