Қызметкерлердің орташа айлық жалақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2023 жылғы 17 қарашадағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 қарашада № 33662 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазаңдағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің орташа айлық жалақысын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
басшының міндетін атқарушы
Ж. Джаркинбаев

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
басшының міндетін атқарушы
2023 жылғы 17 қарашадағы
№ 20 Бұйрыққа
қосымша

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысын есептеу әдістемесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазаңдағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде қалыптастырылатын индикаторларды есептеу алгоритмін айқындайды.

      3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) орташа айлық атаулы жалақыны есептеу мақсатында қолданады.

      4. Кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері, әкімшілік деректер орташа айлық жалақыны есептеу үшін ақпараттық база болып табылады.

2 тарау. Орташа айлық жалақыны есептеу алгоритмі

      5. Бұл әдістеме жалақының келесі түрлері бойынша есептеулерді ұсынады:

      1) орташа айлық атаулы жалақы;

      2) медиандық жалақы;

      3) модальды жалақы;

      4) децилді коэффициент;

      5) орташа айлық жалақы бойынша гендерлік алшақтық;

      6) орташа сағаттық жалақы;

      7) орташа айлық жалақы бойынша Джини коэффициенті.

      Жалақы түрлерін және тиісті көрсеткіштерді есептеу үшін Әдістеменің қосымшасына сәйкес статистикалық көрсеткіштер және олардың дереккөздері пайдаланылады.

1-бөлім. Орташа айлық атаулы жалақы

      6. Орташа айлық атаулы жалақы - бұл орташа есеппен бір қызметкерге немесе жұмыс істеген уақыт бірлігіне есептелген, ақша бірлігінде көрсетілген жалақы.

      Орташа айлық атаулы жалақы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі:



      мұнда w- орташа айлық атаулы жалақы, теңге;


- есептелген жалақы қорының сомасы ("Еңбек бойынша есеп" статистикалық нысаны, индексі 1-Т, кезеңділігі – тоқсандық, жылдық), теңге;

- қызметкерлердің нақты саны ("Еңбек бойынша есеп" статистикалық нысаны, индексі 1-Т, кезеңділігі – тоқсандық, жылдық), адам.

      Еңбекақының екі индексі есептеледі: атаулы және нақты.

      7. Атаулы жалақы индексі - есепті кезеңдегі орташа айлық жалақының базистік кезеңдегі орташа айлық жалақыға өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш:



      мұнда Iw- орташа айлық жалақының атаулы индексі, пайызбен;

      Wn - есепті кезеңдегі орташа айлық атаулы жалақы, теңге;

      Wr - алдыңғы кезеңдегі орташа айлық атаулы жалақы, теңге.

      8. Нақты жалақы индексі – бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады:



      мұнда Ir - нақты жалақы индексі, пайызбен;

      Iw - номиналды жалақы индексі, пайызбен;

      Ip - тұтыну бағаларының индексі, пайызбен.

      Екі индексте бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

2-бөлім. Медиандық жалақы

      9. Бюро медиандық жалақыны есептеуді қызметкерлердің санын жалақы мөлшеріне қарай бөлудің аралық вариация қатарлары әдістемесі арқылы жүзеге асырады.

      Аралық вариация қатарының әдісі зерттелетін көрсеткіштің біртекті болмауы себебі бойынша қолданылады, яғни зерттелетін шама (орташа айлық жалақы) көптеген әртүрлі мәндерді қабылдайды және біртекті емес.

      Аралық вариация қатарларын зерттеу үшін алдымен мәндер өзгеретін аралықтар анықталады, содан кейін әр аралық үшін жиіліктер есептеледі – оған түскен нұсқалар саны.

      10. Медиандық жалақы – бұл есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу ортасында орналасқан және оны екі тең бөлікке бөлетін жалақы мөлшері – жалақы медианадан төмен және одан жоғары.

      Медиандық жалақыны есептеу үшін алдымен медиандық жалақы шегінде болатын медиандық аралық анықталады. Ол үшін жиіліктердің қосындысы (жалақы есептелген қызметкерлердің жалпы саны) екіге бөлінеді және аралықтардың жиіліктерін (әр аралыққа сәйкес келетін қызметкерлер саны) дәйекті жинақтау (қорытындылау) негізінде біріншіден бастап, яғни медиандық жалақы орналасқан жерде қызметкерлердің 50%-ынан тұратын аралық бар.

      Медиандық жалақы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда MB - медиандық жалақы;

      xMB- медиандық аралықтың төменгі шекарасы;

      i - медиандық аралық шамасы;


- жиіліктердің қосындысы (жалақы есептелген қызметкерлердің жалпы саны);

- медиананың алдындағы аралық жинақталған жиіліктерінің сомасы (қызметкерлердің жиынтық саны) ;

- медиандық аралықтағы қызметкерлер саны.

      11. Тоқсандық негізде медиандық жалақының бағалауы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда k – қатынас коэффициенті;

      Ngod – есепті жыл үшін орташа айлық жалақы ("Еңбек бойынша есеп" статистикалық нысаны, индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық);

      Mgod – есепті жыл үшін медиандық жалақы ("Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" статистикалық нысаны, индексі 2-Т (еңбекақы), кезеңділігі жылына бір рет).



      мұнда Мkv – бағалау бойынша есепті тоқсандағы медиандық жалақы;

      Nkv – есепті тоқсандағы орташа айлық жалақы ("Еңбек бойынша есеп" статистикалық нысаны, индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық);

      k – қатынас коэффициенті.

3-бөлім. Модальды жалақы

      12. Модальды жалақы – көбінесе есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санына бөлу қатарынан жиі кездесетін жалақы мөлшері. Модальдық жалақыны есептеуді қызметкерлердің санын жалақы мөлшеріне қарай бөлудің аралық вариация қатарлары әдістемесі арқылы жүзеге асырады.

      Модальды жалақыны есептеу үшін модальды жалақы шегінде болатын модальды аралық анықталады. Модаль - бұл қызметкерлердің ең көп санын қамтитын есептелген жалақы аралығы.

      Модальды жалақы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда Mo – модальды жалақы;

      xmo– модальды аралықтың төменгі шекарасы;

      i – модальды аралықтың шамасы;

      fmo – модальды аралықтағы қызметкерлер саны;

      fmo-1 – модальділіктің алдындағы аралықтағы қызметкерлер саны;

      fmo+1 – модальділіктен кейінгі аралықтағы қызметкерлер саны.

4-бөлім. Децильді коэффициент

      13. Саралаудың децильді коэффициенті ең аз төленетін қызметкерлердің 10 (он) пайызының ең жоғары жалақы деңгейінен неше есе асатының ең көп төленетін қызметкерлердің 10 (он) пайызының ең төменгі жалақы деңгейін көрсетеді.

      Децильді коэффициент мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда KD10 – саралаудың децильді коэффициенті;

      D9 – тоғызыншы децил;

      D1 – бірінші децил.

      14. Бірінші децил ең аз төленетін қызметкерлердің 10 (он) пайызының ең жоғары жалақы деңгейін, тоғызыншы децил - ең көп төленетін қызметкерлердің 10 (он) пайызының ең төменгі жалақы деңгейін сипаттайды.

      Бірінші децил мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда xDi – қызметкерлер санының 10 (оныншы) пайызын қамтитын аралықтың төменгі шекарасы;

      i – қызметкерлер санының 10 (оныншы) пайызын қамтитын аралықтың шамасы;


– жиілік сомасы (жалақы есептелген қызметкерлердің жалпы саны);

– қызметкерлер санының 10 (оныншы) пайызын қамтитын аралыққа дейін жинақталған жиіліктердің сомасы (қызметкерлердің жиынтық саны);

– қызметкерлер санының 10 (оныншы) пайызын қамтитын аралық жиілігі.

      15. Тоғызыншы децил мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда xD9 – қызметкерлер санының 90 (тоқсаныншы) пайызын қамтитын аралықтың төменгі шекарасы;

      i – қызметкерлер санының 90 (тоқсаныншы) пайызын қамтитын аралықтың шамасы;

      fD9– қызметкерлер санының 90 (тоқсаныншы) пайызын қамтитын аралық жиілігі;

      SD9-1 – қызметкерлер санының 90 (тоқсаныншы) пайызын қамтитын аралыққа дейін жинақталған жиіліктердің сомасы (қызметкерлердің жиынтық саны) ;


– жиілік сомасы (жалақы есептелген қызметкерлердің жалпы саны).

5-бөлім. Орташа айлық жалақы бойынша гендерлік алшақтық

      16. Орташа айлық жалақы бойынша гендерлік алшақтық әйелдер мен ерлердің жалақысы арасындағы айырмашылықты көрсетеді, пайызбен өлшенеді және келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда Wq – орташа айлық жалақы бойынша гендерлік алшақтық;

      Ww – әйелдердің орташа айлық жалақысы ("Еңбек туралы есеп" статистикалық нысаны, индекс 1-Т, кезеңділігі – жылдық);

      Ww – ерлердің орташа айлық жалақысы ("Еңбек туралы есеп" статистикалық нысаны, индекс 1-Т, кезеңділігі – жылдық).

6-бөлім. Орташа сағаттық жалақы

      17. Орташа сағаттық жалақы - бұл жұмыспен өтелген бір адам-сағаттың жалақысы, мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда wh – орташа сағаттық жалақы, теңге;

      W – бір қызметкердің орташа айлық жалақысы ("Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" статистикалық нысаны, индексі 2-Т (еңбекақы), кезеңділігі жылына бір рет), теңге;

      h – бір қызметкерге жұмыспен өтелген адам-сағат ("Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" статистикалық нысаны, индексі 2-Т (еңбекақы), кезеңділігі жылына бір рет), адам-сағат.

7-бөлім. Орташа айлық жалақы бойынша Джини коэффициенті

      18. Орташа айлық жалақы бойынша Джини коэффициенті қызметкерлердің жекелеген топтарындағы жалақыны бөлудің және кірістердің шоғырлануының біркелкі дәрежесін сипаттайды:



      мұнда G – Джини коэффициенті;

      xi – қызметкерлер құрамындағы i-ші топтың үлесі;

      yi – табыс көлеміндегі i-ші топтың үлесі (i-інші топ жалпы табыстың қанша пайызын алады);

      cumyi – қызметкерлер құрамындағы i-інші топ табысының жиынтық (жинақталған) үлесі.

3-тарау. Орташа айлық жалақының балама көрсеткішін бағалау

      19. Орташа айлық жалақының көрсеткішін балама бағалау міндетті зейнетақы аударымдары бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) ақпараттық жүйесінен заңды тұлғалар бойынша әкімшілік деректер негізінде жүргізіледі.

      Есептеуде соңғы төлем күніне жұмыс берушілердің қызметті нақты жүргізу орны бойынша олардың бөлінісінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша әкімшілік деректер пайдаланылады. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

      Бюро орташа айлық жалақының балама көрсеткішін экономикалық қызмет түрлері және өңірлер бойынша орташа айлық жалақыны ай сайынғы негізде бағалау үшін қолданылады.

      Орташа айлық жалақының балама көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда wa – орташа айлық жалақының балама көрсеткіші, теңге;


– Еңбекмині міндетті зейнетақы аударымдарының базасынан есепті кезең үшін міндетті зейнетақы аударымдарының сомасы, теңге;

– есепті кезеңде Еңбекмині міндетті зейнетақы аударымдары базасынан зейнетақы аударымдары бар қызметкерлердің саны, адам.

  Қызметкерлердің орташа
айлық жалақысын
есептеу әдістемесіне
қосымша

Статистикалық көрсеткіштер және олардың дереккөздері

Реті бойын-ша №

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірліктері

Дереккөздері

1.Орташа айлық жалақы

1.

1)Қызметкерлердің жалақы қоры;
2)Қызметкерлердің нақты саны.

теңге

"Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген "Еңбек бойынша есеп" (индексі 1-Т) кезеңділігі тоқсандық, жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген).

2. Медиандық жалақы

2.

Орташа айлық жалақы

теңге

"Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген "Еңбек бойынша есеп" (индексі 1-Т) кезеңділігі тоқсандық, жылдық, "Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбекақы)) кезеңділігі жылына бір рет жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген).

3. Модальдік жалақы

3.

Орташа айлық жалақы

теңге

"Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген "Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбекақы)) кезеңділігі жылына бір рет жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген).

4. Децильдік коэффициенті

4.

Орташа айлық жалақы

есе

"Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген "Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбекақы)) кезеңділігі жылына бір рет жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген).

5. Орташа айлық жалақыдағы гендерлік алшақтық

5.

1)Әйелдердің орташа айлық жалақысы;
2)Ерлердің орташа айлық жалақысы.

пайызбен

"Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген "Еңбек бойынша есеп" (индексі 1-Т) кезеңділігі жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген).

6. Орташа сағаттық жалақы

6.

1)Бір қызметкердің орташа айлық жалақы;
2)Бір қызметкерге жұмыс істеген адам-сағат.

теңге

"Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген "Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбекақы)) кезеңділігі жылына бір рет жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген).

7. Джини коэффициенті

7.

Орташа айлық жалақы

коэффициент

"Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген "Жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбекақы)) кезеңділігі жылына бір рет жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады