"Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33767 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар адамдар) жолаушылар мен келушілерді жете тексеру кезектен тыс жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жеке жете тексеруді жүргізген кезде жолаушыға және (немесе) келушіге:

      1) өзіндегі көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселерді және металл заттарды көрсетуді;

      2) жете тексеруді қолмен және (немесе) портативті (қол) аспаптың көмегімен жүргізу үшін аяқ киімін, сыртқы киімін, бас киімін, белбеулерін, белдіктерін және жолаушының не болмаса келушінің үстіндегі өзге де нәрселерін шешуді ұсынады.

      Сот әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар, кәмелетке толмаған балалар, сондай-ақ организмнің функционалдық бұзылуы және (немесе) жас шектеулері салдарынан жеке жете тексеруді жүргізу кезінде қажетті іс-әрекеттерді орындай алмайтын мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектігі бар адамдар) олардың заңды өкілдерінің және (немесе) бірге еріп жүретін адамдардың қатысуымен жете тексеріледі. Жете тексеру жұмыскерлері сот әрекет қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарды, сондай-ақ заңды өкілдерінің және (немесе) бірге еріп жүретін адамдарысыз қозғалатын мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (мүгедектігі бар адамдарды) жете тексеру кезінде көмек көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Жүрек қызметінің стимуляциясына арналған электрондық құрылғылары бар жолаушылар техникалық құралдарды пайдаланбай жеке (қолмен) жете тексеруге жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
көлік министрінің м.а.
С. Аблалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады