Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 33811 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 526 бұйрығымен
бекітілген

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 127-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) "Е-макет" автоматтандырылған автоматтық жүйесі (бұдан әрі – "Е-макет" ААЖ) – "Зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды электрондық тағайындау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      3) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) – еңбек шарттарын, еңбек қызметін және жұмыскерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      4) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

      5) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін кәсіптік төлем (бұдан әрі – кәсіптік төлем) – Кодекстің 127-3 бабында көзделген жағдайлар туындаған кезде адамдарға жүргізілетін ақшалай төлем;

      7) зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – ЕДБ) – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      8) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Еңбекмині АЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері;

      9) кәсіптік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – кәсіптік төлем жүзеге асырылатын жеке тұлға;

      10) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;

      11) "ОДҚ" автоматтандырылған ақпараттық жүйесы (бұдан әрі – "ОДҚ" ААЖ) – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінде белгіленген жағдайларда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;

      12) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электрондық түрде көрсетуге және пайдалануға арналған "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;

      15) "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы (бұдан әрі – ЭЕБ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      16) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      18) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – кәсіптік төлемді алушының Мемлекеттік корпорация "Е-макет" ААЖ-да қалыптастырылатын электрондық іс макеті.

2-тарау. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру тәртібі

      3. Кодекстің 127-3-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген кәсіптік төлем құқық туындағаннан кейін порталда ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде проактивті қызмет арқылы жүзеге асырылады.

      Проактивті қызмет арқылы кәсіптік төлемді жүзеге асыруға өтініш беру талап етілмейді.

      4. Кәсіптік төлем алуға құқығы бар жұмыскер жұмыс берушіге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушімен еңбек шартын бұзуға не зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысуға өтініш береді.

      5. Жұмыс беруші:

      жұмыскердің өтініші негізінде ақпарат сұратады және Еңбекминінің АЖ-дан жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің болуы туралы мәліметтерді алады;

      еңбек шарты тоқтатылған не зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ЕШЕБЖ-ға еңбек шартының тоқтатылуы не еңбек шарты талаптарының өзгеруі туралы ақпарат енгізеді.

      6. Жұмыс берушінің еңбек қызметін тоқтату немесе басқа жұмысқа ауыстыру туралы актісі шығарылған күн жұмыскердің еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысу күні болып есептеледі.

      7. Кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге жұмыскердің келіскен күні проактивті қызмет арқылы кәсіптік төлемді жүзеге асыру күні болып есептеледі.

      8. Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату не зиянды факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыру туралы ақпаратты енгізгеннен кейін және жұмыскер елу бес жасқа толған және жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі болған кезде ЕШЕБЖ кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін мәліметтерді "Е-макет" ААЖ-ға жібереді.

      9. ЕШЕБЖ-дан еңбек шартын тоқтату не зиянды факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысу туралы ақпарат келіп түскеннен кейін "Е-макет" ААЖ порталда алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеу туралы мәліметтерді растау үшін МАБ-қа сұрау салуды жүзеге асырады.

      10. Әлеуетті өтініш берушінің ұялы байланыс құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген кезде "Е-макет" ААЖ кәсіптік төлемді жүзеге асыру немесе кәсіптік төлемді жүзеге асыру туралы хабарламаның түсу, сондай-ақ Кодекстің 127-3-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келу фактісін растауды жүзеге асырады және "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне:

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры АЖ-да – алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

      "ТӨҰ" ААЖ-да – жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуына өтінімдер қалыптастырады.

      Ақпараттық жүйелерден кәсіптік төлемді жүзеге асыру немесе кәсіптік төлемді жүзеге асыруға хабарлама келіп түсу фактісін растайтын мәліметтерді алған кезде проактивті қызметті көрсету процесі аяқталады.

      11. Кодекстің 127-3-бабының 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, "Е-Макет" ААЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді жеке кабинетте хабардар ету үшін себебін көрсете отырып, ақпаратты ЭЕБ-ға жібереді.

      12. Кодекстің 127-3-бабының 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген жағдайда "Е-макет" ААЖ әлеуетті өтініш берушіге оның ұялы байланыс абоненттік құрылғысының нөміріне кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін банктік шотты таңдау туралы sms-хабар жібереді.

      Проактивті қызметті алуға келісімін растау үшін әлеуетті өтініш беруші "E-макет" ААЖ-мен интеграция іске асырылатын ЕДБ тізімінен банктік шотты таңдайды және "E-макет" ААЖ ұсынатын цифрлар комбинациясын теріп, жауап хабарламасын жібереді.

      Sms-хабарландыру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарландыру журналында тіркеледі.

      13. Әлеуетті өтініш берушіден күнтізбелік үш күн ішінде жауап болмаған кезде "Е-макет" ААЖ әлеуетті өтініш берушіге:

      ЕДБ ақпараттандыру объектілері арқылы кәсіптік төлемге құқық және кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін келісім беру туралы PUSH хабарлама;

      әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы кәсіптік төлемге құқығы және алынған sms-хабарға жауап беру туралы хабарлама жібереді.

      14. Кәсіптік төлемді жүзеге асыруға келісімі бар жауап хабарламасын алған кезде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е-макет" ААЖ-да азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеу жүргізіледі, бұл ретте жіберілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын, бұрмаланбауын және уақтылылығын ақпаратты ұсынатын ақпараттық жүйелер әкімшілері қамтамасыз етеді.

      15. Жауап хабарламасы келіп түскен күні бір жұмыс күні ішінде, ал жұмыс уақытынан тыс келіп түскен жағдайда – жауап хабарламасы келіп түскен күннен кейін бірінші жұмыс күні "Е-макет" ААЖ автоматты түрде кәсіптік төлемді жүзеге асыруға ЭІМ қалыптастырады және ақпаратты кәсіптік төлемнің жүзеге асырылуын растауға жұмыс берушінің ЭЕБ жеке кабинетіне жібереді.

      16. Жұмыс берушінің кәсіптік төлемді жүзеге асыруға ЭЦҚ-мен расталған келісімін алған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде алушының көрсетілген банктік шотына төлем жасау үшін "ОДҚ" ААЖ-ға ЭІМ жібереді.

      17. "Е-макет" ААЖ:

      жұмыс берушіні кәсіптік төлемдерге келісім туралы ақпаратты алған айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы кәсіптік төлемді жүзеге асыруға соманы аудару қажеттігі туралы;

      жұмыскерді кәсіптік төлемді ай сайын айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылатыны туралы хабарлау үшін ЭЕБ ақпарат жібереді.

      ЭЕБ жеке кабинетіне келіп түскен ақпараттың негізінде жұмыс беруші Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскер және (немесе) кәсіптік төлем жүзеге асырылатын адамды есепке алуды жүргізеді.

3-тарау. Кәсіптік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі

      18. Кәсіптік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:

      1) кәсіптік төлемді алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;

      2) кәсіптік төлемді алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;

      3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап, бірақ төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;

      4) кәсіптік төлемді алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;

      5) кәсіптік төлемді алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады

      19. "Е-макет" ААЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді ЭЕБ жеке кабинетінде кәсіптік төлемді тоқтата тұру туралы хабардар ету үшін ақпарат жібереді.

      20. Кәсіптік төлем, кәсіптік төлемді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын Еңбекмині АЖ-дан алынған мәліметтер негізінде қайта басталады.

      21. "Е-макет" ААЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді ЭЕБ жеке кабинетінде кәсіптік төлемді қайта бастау туралы хабардар ету үшін ақпарат жібереді.

      22. Кәсіптік төлем:

      1) кәсіптік төлемді алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі анықталғаны туралы мәліметтер;

      3) кәсіптік төлемді алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

      23. "Е-макет" ААЖ Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жұмыс берушіні кәсіптік төлемді тоқтату фактісінің себебін көрсете отырып, кәсіптік төлемді тоқтату туралы хабардар ету үшін ЭЕБ-ға ақпарат жібереді.

      24. Кәсіптік төлем алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

      25. Жұмыс беруші Еңбекмині АЖ-дан хабарлама алғаннан кейін ай сайын алдағы айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына төлем кезеңін міндетті түрде көрсете отырып, кәсіптік төлемді жүзеге асыруға арналған сомаларды, оның ішінде қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомаларды аударады.

      Бірінші ай үшін төлем Кодекстің 127-3-бабының 4-тармағында белгіленген, тиісті айда жұмыскер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан күннен кейін қалған күнтізбелік күндер санына барабар есептелген төлем мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.

      26. Мемлекеттік корпорация айдың 10 (оныншы) жұмыс күніне дейін ақшалай қаражатты алушының шотына аударады.

      27. Кәсіптік төлемді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібімен айқындалған форматтағы электрондық төлем тапсырмаларымен ЕДБ банктік шоттарына аудару жолымен, төлемдер графигіне сәйкес жүргізеді.

      28. Егер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне орналастырылған сәтте кәсіптік төлем алушы болып табылса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорация қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі ұсынған, көрсетілген адамның өтініші негізінде төлемді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      29. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен кәсіптік төлемнің артық есептелген (төленген) сомаларын аударады.

      30. Кәсіптік төлеммен байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде уәкілетті органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      31. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы өзгерген кезде жұмыс беруші төлем кезеңін міндетті түрде көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның шотына өзгерісті ескере отырып, ақша қаражатының сомасын аударады.

      32. Алушы қайтыс болған жағдайда кәсіптік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда, ал кәсіптік төлемді алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда – кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.

  Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен кәсіптік төлемді жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
бастау және тоқтату
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату/зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысу туралы өтініш

  ____________________________
(басшының лауазымы,
тегі, аты-жөні)
____________________________
(жұмыскердің лауазымы,
тегі, аты-жөні)

Өтініш

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін Сізден Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес 20__ жылғы "____" бастап __________ 20__ жылғы "___" _____ № __ еңбек шартын бұзуды/ 20__ жылғы "___" бастап зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруды сұраймын (бар болса) (керегін көрсету).

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Мобильді телефонға sms-хабарландыру жіберу жолымен арнаулы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарламаға келісім беремін.

  _________________________
___________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
20__ж. "____" __________
жұмысшының мәліметтері

  Ұялы телефон _________
E-mail_________

  Банктік деректемелер:
Банктің атауы ______________
Банктік шоттың № ___________
Шот түрі ___________________
  Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен кәсіптік төлемді жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
бастау және тоқтату
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру туралы SMS-хабарландыру журналы

Р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Іс №

Төлем түрі

Sms-хабарламаны беру күні

телефон №

Маман




























  Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен кәсіптік төлемді жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
бастау және тоқтату
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыруға азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) тіркеудің электрондық журналы

Өтінімнің келіп түскен күні

Өтінімнің келіп түскен уақыты

Өтініштердің (өтінімдердің) №

Бөлімше

Қызмет коды

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)



















      кестенің жалғасы

Туған күні

Мәртебесі

Негізі (төлем түрі)

Бас тарту себебі









  Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен кәсіптік төлемді жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
бастау және тоқтату
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жұмыскерді және (немесе) кәсіптік төлем жүргізілетін адамды есепке алу бойынша ақпарат

Тегі

Аты

Әкесінің аты
(бар болса)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату мерзімдері бойынша деректер
(күнін көрсету)












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады