Ақкөл ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № А-5/103 қаулысы және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № С 4-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 мамырда № 8558-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақкөл ауданының кейбір елді мекендерінің шекаралары (шегі) өзгертілсін және белгіленсін:

      1) Урюпин ауылдық округінің Талқара ауылының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 127,0 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін;

      2) Кеңес ауылдық округі Айдарлы ауылының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 120,6 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін;

      3) Ақкөл орман шаруашылығының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 90,5 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін;

      4) Кеңес ауылдық округі Кеңес ауылының шекарасын (шегін) өзгертіп, жалпы алаңы 7594,5 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Ю. Курушин
      Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы Д. Салыбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады