Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін, тұйық көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 маусымда № 8582-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бұзылық ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі Бұзылық ауылының көшелері, тұйық көшелері қайта аталсын:

      Садовая көшесі Береке көшесіне;

      Молодежная көшесі Батырхан Шүкенов көшесіне;

      Мичурин көшесі Томирис көшесіне;

      Рассветная көшесі Рауан көшесіне;

      Степная көшесі Ұлы дала көшесіне;

      Каракольская көшесі Қаракөл көшесіне;

      Октябрьская көшесі Әбілхан Қастеев көшесіне;

      Целинная көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;

      Солнечная көшесі Шуақты көшесіне;

      Больничный тұйық көшесі Ақниет тұйық көшесіне;

      Почтовый тұйық көшесі Ақжол тұйық көшесіне;

      Промзона көшесі Өнеркәсіп көшесіне.

      2. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі Сұрған ауылының көшелері қайта аталсын:

      Вокзальная көшесі Жамбыл көшесіне;

      Школьная көшесі Амангелді Иманов көшесіне;

      Зеленая көшесі Лев Гумилев көшесіне;

      Новая көшесі Болашақ көшесіне;

      Карьерная көшесі Есіл көшесіне;

      Октябрьская көшесі Қызғалдақ көшесіне;

      Чапаев көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;

      Пролетарская көшесі Жағалау көшесіне;

      Автомобилистов көшесі Арман көшесіне;

      Советская көшесі Жайлау көшесіне;

      Элеваторная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Зеленая көшесі Атамекен көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұзылық ауылдық округінің әкімі А.Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады