Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № А-12/277 қаулысы және Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 7/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 8665-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексі 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

      2. Осы бірлескен қаулының және шешімінің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі Е.Жусупбеков
      Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы Г.Мустафина

 
  Бірлескен Сандықтау
ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № А-12/277
қаулысына және
Сандықтау аудандық
мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 7/3 шешіміне
қосымша

Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар

Оның ішінде

егістік

шабындықтар

жайылымдар

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

3900

2850

15

1035

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

26000

19000

100

6900


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады