Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3909 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 8399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Бекет

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3909 қаулысымен бекітілген

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Р/с №

Ғимараттарының алдында афишалар орналастыруға бөлінген орындары бар мәдени объектілердің тізбесі

1

2

1.

"Астана" ауданы, Жеңіс даңғылы, 31, "Қалалық мәдениет үйі" ғимараты алдында

2.

"Астана" ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90 Б,​ "Өнер орталығы" ғимараты алдында

3.

"Астана" ауданы, Жеңіс даңғылы, 14 А, "Облыстық халық шығармашылығы орталығы" ғимараты алдында

4.

"Астана" ауданы, "Сазды" тұрғын үй алабы, Өнеге көшесі 3Б, "Сазды мәдениет үйі" ғимараты алдында

5.

"Астана" ауданы, "Алтын орда" шағын ауданы, 24Г, "Шығармашылық Академиясы" ғимараты алдында

6.

"Алматы" ауданы, "Қарғалы" тұрғын үй алабы, Матросов көшесі, 30 А, "Геолог" мәдениет үйі" ғимараты алдында

7.

"Алматы" ауданы, "Қурайлы" тұрғын үй алабы, Жеңіс көшесі, 31, "Қурайлы" мәдениет үйі" ғимараты алдында

8.

"Алматы" ауданы, "Кеңес Нокин" тұрғын үй алабы, Клубная көшесі, 1, "Нокин" мәдениет үйі" ғимараты алдында

11.

"Алматы" ауданы, Т.Ахтанов көшесі, 52,​ "Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры" ғимараты алдында

12.

"Алматы" ауданы, Ы.Алтынсарин көшесі, 14 А, "Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ғимараты алдында

13.

"Алматы" ауданы, Ы.Алтынсарин көшесі, 28, "А.Пушкин атындағы №2 қалалық кітапхана" ғимараты алдында

14.

"Алматы" ауданы, Ж.Кереев көшесі, 7, "Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы" ғимараты алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады