Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 532 "Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 44 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 шілдеде № 8375 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 159 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 532 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен айқындалған, Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.";

      4 тармақтың екінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      6 тармақ келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы №539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21500 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9 тармақ келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша төлем ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-шы күніне жүзеге асырылады.";

      келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:

      "10. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады