Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 13 ақпанда № 5969-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қонаев қаласының әкімі Н. Куматаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қонаев қалалық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады