Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 565 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 наурызда № 171-17 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 5-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы "15"
наурыздағы № 565 қаулысына
қосымша

Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары

№ р/с

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрі

1.

Мемлекеттің Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) одан әрі бақылауға мүдделілігінің болмауы (шарттар қойылмайды).
Оъектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу

2.

Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.

сауда-саттықты тендер нысанында өткізу

3.

Ұлттық қауiпсiздiкті, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешімі бойынша тендер жабық болуы мүмкiн.

сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу

4.

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.

тікелей атаулы сатылым

5.

Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда-саттықты қор биржасында өткізу

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурсты бағасы басымдығын және (немесе) жекешелендірудің өзге де шарттарын айқындайтын тәуелсіз кеңесшілердің қатысуымен өткізу қажеттілігі.

екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс

7.

Сатушының мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына жергелікті өкілді органның бекітуіне құқықтарын куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгі шарттарын ұсыну қажеттілігі.

туынды бағалы қағаздарды сату


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады