Абай облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/16-VIIІ шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 50-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген), Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы
      К. Сулейменов

  Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 2/16-VIII шешімнің
қосымшасы

Абай облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері

Қызметтерді тұтынушылардың атауы

Төлем мөлшері, теңге/м3

1.

Ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін

45

2.

Ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін

60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады