Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 маусымда № 89-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 94-бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      Министрлігінің Абай облысы бойынша

      экология департаментінің басшысы

      ____________________ С. Сарбасов

      2023 жылғы "_____" _____________

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

      комитетінің Абай облысы бойынша

      санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

      департаменті басшысы

      ____________________ Н. Ноғайбаев

      2023 жылғы "_____" _____________

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

      бассейндік инспекциясы басшысы

      ____________________ Р. Иманбет

      2023 жылғы "_____" _____________

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік

      инспекциясы басшысының міндетін атқарушы

      ____________________ Е. Мадиев

      2023 жылғы "_____" _____________

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 1 маусымдағы
№ 104 Әкімдік қаулысына
қосымша

Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар

№ Р/с

Су объектінің/су шаруашылығы құрылысының атауы

Жүзудің белгіленген шекараларындағы халықтың жаппай демалатын орындары

Орналасқан жері

Бесқарағай ауданы

1.

"Шошқалы" көлі

Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Қарабас ауылдық округі

Бородулиха ауданы

2.

Шүлбі су қоймасы

"Жанай" демалыс базасы

"Нұрсұлтан" демалыс базасы

Жерновка ауылдық округі, аудан орталығы Бородулиха ауылынан 65 км қашықтықта орналасқан
 

3.

Жерновские көлдері
 

"Адал компани" демалыс базасы

 

Жерновка ауылдық округі, аудан орталығы Бородулиха ауылынан 35 км таспалы реликті бордың тереңдігінде орналасқан

4.

Михайловские көлдері

"Кристалл" балалардың сауықтыру лагері

 

 
Подборный ауылдық округі, Семей қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан. "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында
 

Жарма ауданы

5.

Арасан көлі

"Жарма Арасан" сауықтыру орталығы

Қалбатау ауылдық округі, Қалбатау ауылынан 12 км солтүстік-шығысқа қарай

Үржар ауданы

6.

Алакөл көлі

Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Қабанбай ауылдық округі

Семей қаласы

7.

Ертіс өзені

"Заря" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Понтон көпірінің сол жағалауы, Мелькомбинат ауданы

8.

Ертіс өзені

"Пристань" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Пристань ауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады