Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 65 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 сәуірде № 5001 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1-13) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналардың:

      1) Бәйтерек ауылдық округінің бағыныстылығына беру жолымен Жаңатұрмыс ауылдық округінің Көкбастау, Төрегелді және Тегістік ауылдарының;

      2) Сарыкемер ауылдық округінің бағыныстылығына беру жолымен Бәйтерек ауылдық округінің Қосақ ауылының бағыныстылығы өзгертілсін.

      2. Мыналардың:

      1) жалпы көлемі 998,0807 гектар шекараларды белгілей отырып, Көкбастау, Төрегелді және Тегістік ауылдарының 876,6536 гектар жерлерін алып тастау жолымен Жаңатұрмыс ауылдық округінің;

      2) жалпы көлемі 1190,51 гектар шекараларды белгілей отырып, Қосақ ауылының 221,9479 гектар жерлерін алып тастау және Көкбастау, Төрегелді және Тегістік ауылдарының 876,6536 гектар жерлерін қосу жолымен Бәйтерек ауылдық округінің;

      3) жалпы көлемі 1458,35 гектар шекараларды белгілей отырып, Қосақ ауылының 221,9479 гектар жерлерін қосу жолымен Сарыкемер ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады