Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылдық округінің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 63 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 сәуірде № 5003 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1-13) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шу ауданы Шоқпар ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 247 346,77 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады