"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 мамырда № 5011 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3079 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Н. Нуржигитов

      "Келісілді"

      Жамбыл облыстық мәслихаты

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2023 жылғы 27 сәуірдегі № 70
қаулысына қосымша

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласында:

      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа);

      2) бөлімше, бөлім, станция, бөлімше (бөлім) секторы, филиал, орталық басшысы;

      3) зертхана басшысы және басшының орынбасары;

      4) дәріхана меңгерушісі;

      5) зертхана меңгерушісі;

      6) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      7) провизор;

      8) барлық атаудағы медициналық мейіргер;

      9) мамандандырылған медициналық мейіргер;

      10) акушер;

      11) диеталық мейіргер;

      12) тіс дәрігері;

      13) тіс технигі;

      14) барлық атаудағы медициналық зертханашы;

      15) рентгензертханашы;

      16) фармацевт;

      17) барлық атаудағы фельдшер;

      18) барлық атаудағы мамандардың ассистенті (көмекшісі);

      19) медициналық мейіргер көмекшісі;

      20) медициналық тіркеуші;

      21) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      22) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

      23) психолог;

      24) медициналық тәрбиеші;

      25) дәрігер-әдіскер;

      26) әлеуметтік қызметкер;

      27) оңалту жөніндегі нұсқаушы.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа), жұмыспен қамту орталығының, стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның, уақытша болу ұйымының және үйде қызмет көрсету ұйымының директоры (басшысы);

      2) жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы;

      3) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі (басшысы) және меңгерушінің орынбасары (басшының орынбасары);

      4) медициналық бөлімше меңгерушісі;

      5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      7) жүзу жөніндегі нұсқаушы;

      8) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

      9) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      10) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

      11) медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері;

      12) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      13) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      14) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      15) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;

      16) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

      17) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

      18) музыкалық жетекші;

      19) медициналық мейіргер;

      20) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      21) фельдшер;

      22) диеталық мейіргер;

      23) фармацевт;

      24) акушер;

      25) зертханашы (медициналық);

      26) провизор (фармацевт);

      27) тәрбиеші;

      28) логопед;

      29) психолог;

      30) дефектолог;

      31) кітапханашы.

      3. Білім беру саласында:

      1) директор, директордың орынбасары (директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасарынан басқа);

      2) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;

      3) психология-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;

      4) лагерь бастығы;

      5) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

      6) филиал меңгерушісі;

      7) оқу шеберханасының меңгерушісі;

      8) консультациялық пункттің меңгерушісі;

      9) бөлімше меңгерушісі;

      10) интернат меңгерушісі;

      11) бөлім меңгерушісі (кадрлар бөлімінің меңгерушісінен басқа), кітапхана меңгерушісі;

      12) оқу бөлімінің меңгерушісі;

      13) барлық мамандықтағы мұғалімдер мен оқытушылар;

      14) психолог-педагог;

      15) сурдопедагог;

      16) логопед;

      17) дефектолог;

      18) тифлопедагог;

      19) әлеуметтік педагог;

      20) әдіскер;

      21) аға тәрбиеші;

      22) тәрбиеші;

      23) музыкалық жетекші;

      24) ұйымдастырушы-педагог;

      25) қосымша білім беретін педагог;

      26) (емдік) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      27) аға жетекші;

      28) жетекші;

      29) аға шебер;

      30) өндірістік оқыту шебері;

      31) көркемдік жетекші;

      32) еңбек жөніндегі нұсқаушы;

      33) жаттықтырушы-оқытушы;

      34) туризм жөніндегі нұсқаушы;

      35) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      36) медициналық мейіргер;

      37) диеталық мейіргер;

      38) орта медициналық қызметкерлер;

      39) кітапханашы;

      40) суретші;

      41) балетмейстер;

      42) хормейстер;

      43) дирижер;

      44) сүйемелдеуші;

      45) хореограф.

      4. Спорт саласында:

      1) қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа);

      2) нұсқаушы;

      3) әдіскер;

      4) жаттықтырушы;

      5) бас жаттықтырушы;

      6) дәрігер;

      7) медициналық мейіргер.

      5. Мәдениет саласында:

      1) мәдениеттің, архивтердің коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа);

      2) көркемдік жетекші;

      3) бас: әкімші, қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші;

      4) меңгеруші (басшы): көркемдік қойылым бөлімі, әдебиет бөлімі, архив қоймасы, кітапхана, клуб, тігін цехы, филиал, труппа, кабинет, бөлім, бөлімше, топ, сектор;

      5) кітапханашы;

      6) библиограф;

      7) бас маман-дерекқор әкімшісі;

      8) ғылыми-технологиялық ақпарат жөніндегі инженер;

      9) инженер-жүйе технигі;

      10) инженер-бағдарламашы;

      11) инженер-тифлотехник;

      12) редактор тифлолог;

      13) тифлопедагог;

      14) барлық атаудағы редактор;

      15) барлық атаудағы әдіскер;

      16) түптеуші;

      17) мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші;

      18) жүйе әкімшісі;

      19) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман (бағдарламашы);

      20) менеджер (концерттер мен лекциялар ұйымдастырушы);

      21) маман-бағдарламаларды әзірлеуші;

      22) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      23) сүйемелдеуші;

      24) сүйемелдеуші (концертмейстер);

      25) музыка өңдеуші;

      26) ұжым (үйірме) жетекшісі;

      27) музыкалық жетекші;

      28) қоюшы суретші;

      29) диск-жокей;

      30) маман (кітапхана және мәдени-демалыс қызметі жөніндегі);

      31) хореограф;

      32) хормейстер;

      33) балетмейстер;

      34) қоюшы-балетмейстер;

      35) студия жетекшісі;

      36) әкімші (негізгі қызметтер);

      37) барлық атаудағы әртістер;

      38) режиссер ассистенті;

      39) арт-менеджер;

      40) дирижер;

      41) барлық атаудағы режиссер;

      42) тарихшы (негізгі қызметтер);

      43) музыкатанушы-лектор;

      44) шебер (негізгі қызметтер);

      45) редактор (негізгі қызметтер);

      46) вокал жөніндегі репетитор;

      47) сахналық қимыл бойынша репетитор;

      48) қор сақтаушы;

      49) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер),

      50) сарапшы;

      51) архивист;

      52) археограф;

      53) палеограф;

      54) музейлер қорын есепке алу архивисті,

      55) ескерткіштерді есепке алу және қорғау жөніндегі маман;

      56) аға ғылыми қызметкер;

      57) ғылыми қызметкер;

      58) кіші ғылыми қызметкер;

      59) бұқаралық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушы;

      60) экскурсия жүргізуші;

      61) өнертанушы;

      62) экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман;

      63) киномеханик;

      64) кинофильмдер прокатын тексерушісі;

      65) кинотанушы;

      66) бейнежазу операторы;

      67) фильм материалдарын қалпына келтіруші.

      6. Ветеринария саласында:

      мамандар: ветеринариялық дәрігер; ветеринариялық фельдшер.

      7. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында:

      1) орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (директоры) және басшының орынбасары (директордың орынбасары);

      2) орман күзету және қорғау бас инженері (табиғи кешендерді күзету және қорғау бас инженері);

      3) ормандарды қалпына келтіру бас инженері (ормандарды молықтыру және орман өсiру бас инженері)

      4) бас орман күтуші;

      5) тұқымбақ басшысы;

      6) екінші-үлгідегі орман өрт сөндіру станциясының басшысы;

      7) бас орман күтушінің орынбасары;

      8) инженер-орман патологы;

      9) орман шикізаты ресурстары жөніндегі инженер (орман пайдалану жөніндегі инженер);

      10) орман шебері (учаскелік);

      11) орманшы (инспектор);

      12) аңшылықтанушы;

      13) бас есепші;

      14) есепші;

      15) экономист;

      16) заңгер (кеңесші);

      17) кадр бойынша инспектор;

      18) программист;

      19) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер;

      20) өндірістік цехтың меңгерушісі;

      21) механик;

      22) референт;

      23) хатшы;

      24) техникалық орындаушылар;

      25) өрт сөндіруші;

      26) жүргізуші;

      27) тракторист;

      28) тракторист-машинист;

      29) радиооператор;

      30) диспетчер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады