Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 235 "Сарысу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларымен индекстерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 75 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 мамырда № 5031 болып тіркелді

      Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 235 "Сарысу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атауларымен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4055 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жамбыл облысы "Сарысу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарысу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы С. Мамытов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы

  2023 жылғы 29 мамырдағы № 75
қаулыға қосымша/
Сарысу ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 235 қаулысымен бекітілген

Сарысу ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

№ р/с

Автомобиль жолдарының индекстері

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

2

3

4

1.

КН-SH-1

"Жайлаукөл ауылына кіре беріс" 0-1,7

1,7

2.

КН-SH-2

"Қамқалы ауылына кіре беріс" 0-1

1

3.

КН-SH-3

"Шығанақ ауылына кіре беріс" 0-2,14

2,14

4

КН-SH-4

"Шағалалы ауылына кіре беріс" 0-9,2

9,2

5

КН-SH-5

"Тоғызкент ауылына кіре беріс" 0-0,730

0,730

6.

КН-SH-6

"Әбілда ауылына кіре беріс" 0-0,2

0,2

7.

КН-SH-7

"Саудакент ауылына кіре беріс" 0-3,45

3,45

8.

КН-SH-8

"Ұйым ауылына кіре беріс" 0-0,54

0,54

9.

КН-SH-9

"Жаңаталап ауылына кіре беріс" 0-2,6

2,6

10.

КН-SH-10

"Игілік ауылына кіре беріс" 0-4

4

11.

КН-SH-11

"Маятас ауылына кіре беріс" 0-0,8

0,8

12

КН-SH-12

"Қызылдихан ауылына кіре беріс" 0-6,75

6,75

13.

КН-SH-13

"Жаңатас-Түркістан" 0-8,56

8,56

14.

КН-SH-14

"Түркістан-Арыстанды" 0-12,5

12,5

15

КН-SH-15

"Түркістан-Үшбас" 0-6

6,0

16.

КН-SH-16

"Көк дала 1 ауылына кіре беріс" 0-1,5

1,5

17

КН-SH-17

"Көк дала 2 ауылына кіре беріс" 0-0,750

0,750

18

КН-SH-18

"Жайылма ауылына кіре беріс" 0-2,1

2,1

19

КН-SH-19

"Өндіріс ауылына кіре беріс" 0-0,350

0,350

20

КН-SH-20

"Ақтам ауылына кіре беріс" 0-12

12



Барлығы:

76,87


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады