Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 33 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 14 ақпанда № 1-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы №173 "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жетісу облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау Әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 33 қаулысымен бекітілген

Жетісу облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесі

      1. Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4 бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша

Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем
бірлігі

2023 жыл (теңге)

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы сантиметр

400

2.

Жетісу облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы сантиметр

97

3.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

184

4.

Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

142

5.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

38

6.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

375000

7.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Жетісу облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

10685

8.

Жетісу облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

15 000

9.

Жетісу облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликті дайындау және орналастыру) (Br)

секунд

570


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады