Жетісу облысының елді мекендерінде ауылшаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-74 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 3 қаңтарда № 118-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісу облысының елді мекендерінде ауылшаруашылығы жануарларын асырау қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

  Жетісу облыстық мәслихаты 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-74 Шешімге қосымша

Жетісу облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жетісу облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, "Ветеринария туралы" Заңының, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Жетісу облысы елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібін айқындайды.

      2. Қағида ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      3) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      4) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібі

      4. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыраған кезде иелері:

      1) жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің (жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды (бұдан әрі – ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) сақтай отырып, ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыруға жануарларды кедергісіз беру;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды, өсiруді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;

      4) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар талаптарына сәйкес ұстау;

      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет жүргізу;

      6) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында жануарларға уақтылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша шығарылған ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындау;

      8) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн сою және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеу;

      9) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыру;

      10) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсету;

      11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы "Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" № 107 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18117 болып тіркелді) Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлауға тиіс: үш жұмыс күні ішінде жаңадан алынып жатқан (алынған) жануарды (жануарларды), оны (оларды) өткізу туралы хабарландыру;

      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы "Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" № 107 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18117 болып тіркелді) Ветеринария саласындағы мамандарға (ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің жұмыскерлері): бір тәуліктен аспайтын мерзімде жануардың өлімі, түсік тасталған немесе өлі туған ұрықтың өлуі, бірнеше жануарлардың бір мезгілде ауруы немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлықтары туралы хабарландыру қажет.

      5. Жануарларды сату, әкелу және әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 "Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10131 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 тіркелген) бұйрығына сәйкес жойылуға жатады.

      7. Ауыл шаруашылығы жануарларын қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, су бұрқақтарда, су қоймаларында және су бөгеттерінде суаруға жол берілмейді.

      Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртiбiмен жол берiледi.

      8. Қараусыз қалған ауылшаруашылық жануарларын ұстау және иелеріне қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      9. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінен тыс жерге орнын ауыстыру (тасымалдау) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы "Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" № 7-1/496 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11845 болып тіркелген) жүргізіледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 7-1/453 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11898 болып тіркелген), ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады