Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 34/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 6421-09 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері қолма-қол төлеу кезінде келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) №100 "Қарағанды (14 ықшам аудан арқылы)-Теміртау" - 200 (екі жүз) теңге;

      2) №107 "Қарағанды-Теміртау" - 200 (екі жүз) теңге;

      3) №121 "Қарағанды-Шахтинск" - 200 (екі жүз) теңге;

      4) №122 "Қарағанды-Топар" - 200 (екі жүз) теңге;

      5) №127 "Қарағанды-Шахан" - 200 (екі жүз) теңге;

      6) №146 "Қарағанды-Абай" - 200 (екі жүз) теңге;

      7) №165 "Қарағанды-Саран" - 200 (екі жүз) теңге;

      8) нұсқалған маршруттар бойынша Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 19.04.2024 № 25/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

      Келісілді:

      Қарағанды облыстық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады