Ростов ауылдық округі Қызылжар ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростов ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 9-0-6350 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ростов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ростов ауылдық округі Қызылжар ауылындағы Асфальтная көшесі – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі болып, Огородная көшесі –Бейбітшілік көшесі болып, Школьная көшесі – Жастар көшесі болып, Озерная көшесі – Ақбұлақ көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т. Ргебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады