Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 06/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 ақпанда № 6362-09 болып тіркелді

      Аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін алатын мамандардың лауазымдар тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі Б. Муканов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Нұра аудандық мәслихаты

  2023 жылғы 17 ақпандағы
№ 06/01
қаулысына қосымша
  Нұра ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 17/01
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесі

      1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      үйде қызмет көрсетілетін бөлімшесінің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, барлық атаулардың әлеуметтік қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының басшысы, жұмыспен қамту орталығының мамандары.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркем басшысы, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сектор басшысы, кітапханашы, библиограф, бас есепші, есепші, экономист, редактор, дыбыс режиссеры, хореограф, музыкалық басшы, аудармашы, концертмейстер, инспектор, компьютерлік техниканың операторы, барлық атаулардың техниктері, хатшы, барлық атаулардың суретшісі, мәдени ұйымдастырушы, балетмейстер, хормейстер, дирижер, барлық атаулардың әдіскері, кітапхана меңгерушісі, программист, ауылдық маңызы бар бөлімнің басшысы.

      3. Спорт мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, нұсқаушы-спортшы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады