Телікөл ауылдық округі Ә.Тәжібаев ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 03-1/8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 маусымда № 8426-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ә.Тәжібаев ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Телікөл ауылдық округі Ә.Тәжібаев ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшесіне Жуантөбе көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Сейхұн көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Қаратау көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Қышқұдық көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Телікөл ауылдық округінің әкімі Ә. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады