Маңғыстау облысында жолаушылар мен багажды ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтерді саралау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 73 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 маусымда № 4578-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысында жолаушылар мен багажды ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифтер белгіленсін.

      2. "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау облыстық мәслихаты

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 5 маусымдағы
  № 73 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысында жолаушылар мен багажды ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифтер

Маршрут атауы

Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде

Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде

1

2

3

4

1

"Ақтау – Атамекен – Ақтау"

80

140

2

"Ақтау – Қызылтөбе – Ақтау"

130

230

3

"Ақтау – Баянды – Ақтау"

100

170

4

"Ақтау – Басқұдық – Маңғыстау"

95

160

5

"Ақтау – Басқұдық – Ақтау"

70

120

6

"Ақтау – Батыр – Ақтау"

140

240

7

"Ақтау – Қызылтөбе 2 – Ақтау"

130

230

8

"Ақтау – Ақшұқыр – Ақтау"

120

210

9

"Ақтау – Сайын Шапағатов – Ақтау"

150

250


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады