Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 2/13 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 мамырда № 4562-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 14/166 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3573 болып тіркелген);

      2) 2022 жылғы 25 ақпандағы № 11/95 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі №14/166 шешіміне өзгерістер енгізу туралы".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы С. Закенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады