Меңдіқара ауданы Боровское ауылындағы көше атын өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылы әкімінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 9963 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Боровское ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Боровское ауылының әкімі ШЕШТІ:

      1. Боровское ауылындағы Тубсанаторий көшесі Мұхамеджан Қарабаев көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Турагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады