Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 559/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 шілдеде № 7373-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- бабы 2 -тармағына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:

      Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге, жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 130 (жүз отыз) теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Екібастұз қалалық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады