Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 1/36 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 1712 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4 бабының 9-31) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

  Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 1/36 қаулысына
қосымша

Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін
ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабының 9-31) тармақшасына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Алматы қаласында туристерді тасымалдау бойынша көлік қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) автомобиль тасымалдаушысы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде жеңіл көліктерді қоспағанда, автокөлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.

      2) туристік көлік – адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықтарды жолдармен туристік-экскурсиялық тасымалдауға арналған автобус және шағын автобус;

      3) автобус – жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлік құралы;

      4) шағын автобус – дайындаушы зауыт көздеген жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын, ерекше шағын кластағы автобус;

      5) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;

      6) туристік қызмет – туристік қызметтер көрсету бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;

      7) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсетілетін қызметтері және сапар мақсаттарына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсетуге арналған шартта көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);

      8) туристік өнім – саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік қызметтер көрсету кешені;

      9) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      10) туристік агент – турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      11) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;

      12) туристік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар ретінде қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен турагенттер, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер, ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;

      13) шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысы (бұдан әрі – шақыру құрылғысы) – жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы жедел қызметтер екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы.

      3. Әкімшілік-аумақтық белгілері бойынша туристерді республикаішілік тасымалдау:

      1) қалалық – елді мекеннің белгіленген шекаралары шегіндегі тасымалдау;

      2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекараларынан өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақпен елді мекенді жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;

      3) қалааралық, облысаралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау болып бөлінеді.

2-тарау. Туристерді тасымалдау бойынша көлік қызметтерін ұсыну тәртібі

      4. Туроператор келу және ішкі туризм саласында туристік өнімді қалыптастыру, ілгерілету және өткізу кезінде олар көрсететін көлік қызметтері осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      5. Туристерді тасымалдау бойынша пайдаланылатын туристік көліктің мемлекеттік тіркеуі, қажетті құжаттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі болуға тиіс.

      6. Қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық қатынастарға туристік көлікті жөнелту алдында салондағы жолаушыларға штрих код (QR-код), дыбыстық немесе бейнежазба арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде мыналар туралы хабарлануы тиіс:

      1) тасымалдаушы;

      2) маршруттың атауы;

      3) километрмен есептелген жол жүру ұзақтығы;

      4) жолда жүру уақыты;

      5) аралық аялдамалар;

      6) автобустың немесе шағын автобустың қозғалысы кезіндегі шектеулер;

      7) төтенше жағдайлар кезінде жүріп-тұру;

      8) туристік көлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау;

      9) қосымша сервис.

      Туристік қызмет субъектілері туристік көлікте штрих кодының (QR-код) болуын қамтамасыз етеді.

      Штрих код (QR-код) туристік қызмет субъектілерінің ресми сайттарымен интеграциялануы тиіс, онда туристер осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толық ақпаратпен таныса алады.

      7. Туристік қызмет субъектілері туристік қызметтер көрсету және (немесе) туристік қызмет көрсетуге шарт жасасу кезінде осы Қағидаларда белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауы қажет.

      8. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әр балаға жеке отыратын орын беріле отырып, жабдықталған туристік көлікпен жүзеге асырылады.

      9. Жеті жасқа толмаған балаларды сапарға ресми өкілдерінің, сондай-ақ ата-аналары мен оларды алмастыратын адамдардың жеке ілесіп жүруімен ғана жіберуге болады.

      10. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезінде туристік қызмет субъектілері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық әкімшілік полиция органдарын хабардар етеді.

      11. Балалар топтарын туристік көлікпен сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі кезеңде, көріну жеткіліксіз жағдайларда (тұман, қар, жаңбыр), сондай-ақ туристік көлікті пайдалану кезінде авариялық жағдайлардың үшін қауіпті жоғары деңгейін тудыратын басқа да қолайсыз ауа райы кезінде тасымалдауға жол берілмейді.

3-тарау. Туристік көлік қауіпсіздігі, санитарлық жағдайы, сыртқы безендірілуі,
сондай-ақ салонның жабдықтары мен жарақтандырылуы

      12. Туристерді тасымалдау бойынша көлік қызметтерін ұсыну барысында жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік тасымалдаушыға және туристік қызмет субъектілеріне жүктеледі.

      13. Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық байқаудан және туристік көлікті техникалық байқаудан өткені туралы белгісі бар борттық журналдың болуы тиіс.

      14. Тасымалдаушы туристік көліктің техникалық жай-күйі белгіленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін туристік маршрутқа шығуды қамтамасыз етеді.

      15. Туристік көлікте қауіптер мен қауіпсіз пайдалану жағдайлары туралы қажетті ескерту жазбалары немесе белгілері болуы тиіс.

      16. Туристік көлік:

      1) дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың қажетті жиынтығымен медициналық қобдишамен (автокөлік);

      2) авариялық тоқтату белгісімен;

      3) жарамды өрт сөндіру құралдарымен;

      4) авариялық люктерді шұғыл ашудың тиісті құрылғылармен және оларға арналған ақпараттық тақтайшалармен жол-көлік оқиғасы болған жағдайда есіктермен, терезелермен және алып тастаумен;

      5) шақыру құрылғысымен;

      6) қауіпсіздік белдігімен;

      7) кері қайтаруға қарсы құрылғылармен;

      8) бейнебақылау жүйесімен (жолда бейне сүйемелдеу);

      9) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде туристік көліктің алдыңғы және артқы жағында орнатылуы тиіс "Балаларды тасымалдау" квадраттық тану белгілерімен;

      10) тану белгісінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде "Туристік автобус" немесе "Туристік шағын автобус" деген жазу бар, көлік шанағының бүйірінде, алдыңғы және артқы бөліктерінде орналасқан және алыс қашықтықтан жақсы ажыратылатын сәйкестендіру белгілерімен жабдықталады.

      Туристік көлік "Жол қозғалысы туралы" Заңға сәйкес оны пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдықтармен қосымша жабдықталады.

      17. Туристік көлік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 22066 болып тіркелген) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болған жағдайда пайдаланылуға жатады.

      18. Туристік көлікте жеке багаж бөлімі болуы тиіс.

      19. Туристік көлік салонында жүргізуші кабинасының (орнының) жанында: тасымалдаушының толық атауы, тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефондарының нөмірлері, көліктік бақылау және медициналық қызмет телефондарының нөмірлері, маршрут схемасы, жолаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат орналастырылады.

      20. Туристік көлік салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың жанында олардың мақсатын көрсететін ақпараттық тақта орнатылады.

      21. Туристік көлік салоны төмендегімен жарақтандырылуға және жабдықталуға жатады:

      1) жолаушының жеке параметрлеріне сәйкес реттеу мүмкіндігі бар тиісті жағдайдағы жайлы креслолармен;

      2) қол жүгін орналастыруға арналған сөрелермен;

      3) гидтің, экскурсоводтың, туризм нұсқаушысының жұмысына арналған аудио және бейне жүйелерімен;

      4) жеке реттеуді орындау мүмкіндігі бар ауаны баптау жүйелерімен;

      5) қандай да бір кедергісіз ашылатын және жабылатын авариялық люктермен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады