Петропавл қаласының қалалық қатынасында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 1188 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 7580-15 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-1-тармағына, 20-бабы 1-тармағының 6) және 13) тармақшаларына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық қатынаста жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифі төлем әдісі бойынша саралансын:

      интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма – қол ақшасыз төлем кезінде жол ақы - 100 (жүз) теңге мөлшерінде;

      қолма - қол төлем кезінде жол ақы -170 (жүз жетпіс) теңге.

      2. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі ақаулы болған жағдайда, интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы төлеуді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.

      3. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Петропавл қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының әкімі
С. Мухамедиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Петропавл қалалық

      мәслихатының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады